Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде мектеп ұстаздары мен ата-аналар хиджаб үшін дауласып жатыр

Еліміздің мектептерінде хиджаб дауы да әлі басылар емес. Жаңа оқу жылы басталысымен ата-аналар мен мектеп басшыларының пікірі тағы да екіге айырылды. Ұстаздар қыз балалардың мектепке хиджабсыз келуін талап етсе, ата-аналар өз әрекеттерінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысып жатыр. Даудың ушыққаны сонша, Жаңаөзен қаласының әкімі ата-аналармен хиджаб мәселесінде өзі барып түсіндіру жасауына тура келді.

cool-ea-girl-hijab-Favim

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Қаумалаған топтың ортасында сөйлеп тұрған Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілев. Мектепке хиджабпен келмеудің себебін түсіндіруде. Алайда қыздарын хиджабқа ораған ата-аналар әкімнің пікіріне қарсы. Соңғы жылдары Жаңаөзен мектептерінде орамалды оқушылар көбейіпті. Олардың әкелері оқу орнындағы тәртіпке бағынғысы жоқ. Бұл жайтқа Жаңаөзен әкімдігі де алаңдап отыр.

Бұл тек Маңғыстау облысындағы жайт емес, Қазақстанға ортақ проблема. Жыл сайын жаңа оқу жылы басталғанда туындайтын дауға әлі күнге нүкте қойылмай келеді. Мектептің ішкі тәртібіне бағыну керек дегенді дін өкілдері де айтып жүр. Бір жыл бұрын Жаңаөзен қаласында дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы да мектептегі хиджап мәселесін сөз еткен.

“Оларды тәрбиелеу керек, имандылыққа, ибалылыққа, ұятылыққа үйрету керек. Бірақ мектептің өзінің тәртіптері бар. Балиғатқа толмаған қыз балаларды қалдырайық. Ал мектепте үлкен сыныпқа келгенде ол жерде ата-аналар ұжымы бар, солар өздері ақылдасып, өздері бір шешімге келеді екен”, – дейді исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлы.

Биыл парламентке түсетін заң жобасы да хиджабқа келгенде, үстірт өте шығады. Ал, оқушылардың орамалмен оқу ордасына келуін ретке келтірер деген министр Ерлан Сағадиев те кесімді пікірін әлі де айтпады. Хиджап дауын министр мектеп басшысына ысырады. Алайда директорда тыйым салатын не рұқсат беретін құзырет жоқ. Бірақ Қазақстандағы сегіз мыңға жуық мектепке ортақ ереже немесе министрліктің бұйрығы ретінде қабылданбаған пікірін Сағадиев бір жыл бұрын білдірген еді.

“Иә, белгіленген формасы бар. Сол белгіленген формамен балалар жүруі тиіс. Мектепке баруға тиіс”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Бітпес дауға ұласқан мектептегі хиджап мәселесіне Білім министрлігінің де, діни басқарманың да көзқарасы екіұшты. Себебі министрлік те, мүфтият та оқушының орамал тағуын мектеп басшылығы мен ата-аналар шешеді дейді. Осылайша, бұл дауға нақты тоқтау қояр бір мекеме жоқ. Десе де, балиғатқа толмаған қыз баланы тұмшалап, өз ортасынан өзгешелеу моральдық тұрғыдан да, психологиялық жағынан да жөнсіз. Ал дінді берік ұстандым деген желеумен қоғамды екіге айыру, түрлі алауыздық тудыру исламға да жат екені белгілі.

Жіберіп алмаңыз:

8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы

Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап етті

Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек

12 жасында студент атанған Абзал Мырзаш ҚБТУ-да қалай оқып жатыр

Талқылау