Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жыл бұрын асырап алған: балконда ұрған бала туралы жаңа деректер пайда болды

Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған әйел өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын асырап алған: балконда ұрған бала туралы жаңа деректер пайда болды

Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Таяқ жеген бүлдіршінді бұл отбасы небәрі бір жыл бұрын асырап алған екен. Енді бұл әрекеті үшін ол күйеуі екеуі ата-аналық құқынан айырылуы мүмкін.

Ал 4 жасар баланы аяқ-қолын таяқпен ұрған келіншектің өзі жергілікті мектептердің бірінде мұғалім боп шықты. Айтуынша, ұлы айтқанын тыңдамай, қайта-қайта балконға шыға берген екен. Оны құлап кетпесін деп келіншек тілазар баланы таяқпен қорқытқан. Ал көршілері оны камераға түсіріп, ушықтырып жібергенге ұқсайды. Десе де, полиция қылмыстық іс қозғап үлгерді. Егерде ананың қатігездігі дәлелденсе, бала жетімдер үйіне оралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау