Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны Нұрболат Абдуллиннің анасына гаухар тасты сақина сыйлады (видео)

Халық елдің ерке әншілерін төбесіне көтереді. Эстрадада жүрген азаматтардың әр қадамы гүл мен сыйлыққа толы. Тек бұл жолы Жаңаөзен тұрғыны әншінің өзіне емес, дүниеге әкелген анасына құрмет көрсетті, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Жаңаөзендік әйел Нұрболат Абдуллиннің анасына өзінің гаухар тасты сақинасын сыйлады.

“Сырғасы менде, сақинасы сенің анаңда болсын”, – деп бағалы сыйды концерт үстінде Нұрболатқа тарту етті көрермен.

Күнсұлу апайдың бұлай жасауы бекер емес. Өнерді аса құрметтейтін Батыс өңірінің тұрғыны ептеп ән айтады екен.

“Анама сыйлық алдым. Ол сыйлықты сыйға берген жаңаөзендік Күнсұлу есімді апамыз.Өзі мұнайшы болғанымен әншілігі бір бөлек екен. Анаңа апарып бер деп “гауhар сақинасын” аманат етті. Апарып өз қолыммен қолына кигіземін деп уәдемді бердім. Өзеннің патша көңіл xалқының көрегенділігіне тағы да таңырқап қайтып бара жатқаным осы. Раxмет”, – деп алғысын білдірді Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасы арқылы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@nurbullin)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау