Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық диетолог жаңа жылдық кеште тынқиып тойып алмауға шақырды

Қазақстандықтар көбісі жаңа жылда дастарханды дәмді тағамдармен толтырып тастағанды жақсы көреді. Алайда, жаңа жылдық мейрамнан кейін кейбір адамдардың асқазаны ауыра бастайды. Уланып қалып, ауруханаға түсіп қалатындар бар. Тамақ желінбей қоқысқа тасталып жатады. Осыған орай Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі диетолог Лилия Карпусевичпен байланысып жаңа жылда қалай дұрыс тамақтану керектігін анықтады.

Отандық диетолог жаңа жылдық кеште тынқиып тойып алмауға шақырды

“Құлаққа мезі болып кетсе де, айтқаным дұрыс. Себебі, ол факт. Майлы, қуырылған тамақтарды жемеу қажет. Дұрыс тағамды өте дәмді етіп дайындауға болады. Мысалы, майлы тұздықтарды грек йогуртына ауыстыруға болады. Шағын порциялармен жеп, тойған кезде тоқтау қажет. Мысалы, торттың барлығын тауысу міндет емес, кішкіне бөлігін кесіп алып жеген дұрыс. Көп жеп қоюдан сақтаныңыздар. Сосын бір орында отырмай, физикалық белсенділікті көбірек таныту қажет, билеу керек.

Дұрыс тамақтану әзірге біздің санамызға толығымен сіңген жоқ деп айтайық. Мен бәрібір рационалдылықты қолдаймын. Мереке күндері тағам шаттықтың негізгі көзі саналмайды. Менің ойымша, адам құр тамақ ішкеннен емес, жанұясымен, туыстарымен, достарымен бірге көңілді уақыт өткізгеннен көбірек ләззат алады. Норманы ұмытпай, соны ұстансақ, дастарханымыздың түрлі дәмді тағамдарға толы болуы жаман емес”, — дейді ол.

Диетолог жаңа жылдық кешке қандай тағамдарды дайындайтынын айтып берді.

“Пешке пісірілген, қаймағы және аджикасы бар тауықты әзірлеймін. Тунец, руккола, черри қызанақтары мен бөдененің жұмыртқасынан жасалатын, зәйтүн майы қосылатын салатты дайындаймын. Арқан балығынан стейк, ал гарнирге пеште піскен қартопты әзірлеймін. Десертке сүзбе кексін пісіремін. Майлы да емес, өте дәмді тағамдар”, — дейді Лилия Карпусевич.

Қазақстандықтар денсаулықтарына зиян келтірмей жаңа жылды жақсы қарсы алады деген үміттеміз.


Тағы оқыңыз: Жаңа жыл туралы қызықты деректер 

Талқылау