Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа клип: Сүйіктісі Мақпал Исабекованы буындырмақ болды (видео)

Алғашқы кездесу, тәтті ертегідегідей махаббат, ал соңынан әдеттегідей ұрыс-керіс… Иә, бұл Мақпал Исабекованың жаңа бейнебаянының желісі. Әнші көптен бері уәде еткен клипінің тұсауын кесті.

Исабекова Макпал шын суйемін сені

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Шын сүйемін сені” деп аталатын бейнебаянда басты рөлді Мақпалмен бірге RinGo-лық Батыр Байназаров сомдаған. Тыңдарман көңілінен шыққан ән қырғыз композиторы Мейірбек Атабековтің, ал ән мәтіні танымал қазақ ақыны Ринат Зайытовтың қаламынан туған.

“Бұл шынында да ессіз күндер мен түндер болды, біз қатарынан бірнеше түн ұйықтамадық. Түсірілім алаңындағы эмоция мен атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жалпы түсірілімде болатын ең маңызды нәрсе осы: аздап есі ауысқан бірақ өз ісін жақсы көретін адамдар бас қосып, ортақ жұмысқа өзінің жанын, жүрегін салады. Тек осындай жағдайда адамдардың көңіл-күйін, әртүрлі сезімдерді жеткізуге болады”, – деп жазды Мақпал бейнебаян жайында.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас философия ғылымдарының магистрі атанды (фото, видео)

Төреғали Төреәлі өзінің әке атанғанын хабарлады

Қарақат Әбілдина қызы Аяланы қырқынан шығарды (фото)

Есентаевтың қарындасы көк қағаздың құлы болып, тәнін сатқан әйелдер туралы айтты

Талқылау