Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі өзінің әке атанғанын хабарлады

Төреғали әкесі Төреәлі Төлеповті 45 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Әнші әкесіне деген ақжарма тілегін өлең жолдары арқылы жеткізді.

19121219_240682666426323_2246408633296355328_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өлең жолдарында Төреғали өзінің әке атанғанын айтып қойды.

“Кеудеме бүгін толғандай болды аздап мұң,
Жүректен шыққан жырымның шоғын маздаттым.
Кешірші әке, талайды жырға қоссам да
Сен жайлы әлі бір шумақ өлең жазбаппын.

Өсірдің мені қалдырмай көштен аш қылмай,
Жалғанда мынау еңсемді тіктеп пәс қылмай.
Қатал тәртіппен қасиетіңді дарыттың
Өз бөлтірігін тістеп сүйетін қасқырдай.

Баласы болсам бай-бағланның егер мен,
Алтынмен аптап күміспен қаптап берер ме ем?!
Қолымнан әке не келеді басқа өнерден?
Алғысымды айттым өзің үйреткен өлеңмен!

19436412_1342291562554672_7772822140587343872_n

Түссем де талай ішіне талас-көкпардың,
Баламын саған, еркемін әлі сотқармын.
Әкетайым деп соңыңнан еріп жүргенде
Ес жиып міне өзім де әке боп қалдым.

Айт күні келген, туған күніңде айтулы,
Сол жақтан жұлдыз, оң жақтан әппақ ай туды.
Құрметті менің көзі ашық оқырмандарым
Ұмытпаңыздар әкеге алғыс айтуды!” – деп жазды Төреғали.

Мұны байқап қойған желі оқырмандары әншіні сәбилі болуымен құттықтап жатты.

“Сенің де әке атануың құтты болсын”, “Әйеліңіз босанды ма”, “Өзім де әке боп қалдым дегеніңіз шын ба”, “Əкеңіздің туған күні құтты болсын! Алланың назарында, бақыттың базарында болсын! Сонда сіздің шаңырақ көтеріп, балалы болғаныңыз рас па”, “Құтты болсын! Сенің де ұл-қызың 45 жасыңда өлең жазсын. Сенен асып түссін”, – деп тіледі желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың концертіне байланысты Астанада жол қозғалысы шектеледі

Қарақат Әбілдина қызы Аяланы қырқынан шығарды (фото)

Есентаевтың қарындасы көк қағаздың құлы болып, тәнін сатқан әйелдер туралы айтты

Асанәлі Әшімовтің ұлы әкесінің 80 жылдығына ән арнады (видео)

Талқылау