Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың концертіне байланысты Астанада жол қозғалысы шектеледі

Астанадағы “Астана Арена” стадионында Димаш Құдайбергеннің жеке концертінің өткізілуіне байланысты 27 маусым күні бірқатар көшелер жабылады.

3333

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

27 маусым күні сағат 19:00-ден бастап концерттік бағдарлама аяқталамын дегенше Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары, Керей, Жәнібек хан көшелері мен Ұлы Дала көшесі аралығындағы көлік қозғалысы шектеледі.

“Осыған байланысты көлік жүргізушілеріне Мәңгілік Ел даңғылы, Түркістан және Ақмешіт көшелерімен жүру ұсынылады”, – деді ІІД.

Димаш Құдайбергеннің концертіне барам деушілер мына бағыттағы қоғамдық көліктердің қызметін пайдаланса болады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 505, 506.

Бұған дейін Димаштың концертіне қатысу үшін жан-жақтан меймандардың асыға келіп жатқандарын жариялаған едік. Оның ішінде әншінің ерекше фанатына айналып үлгерген қытай қыздары да бар.

Оқи отырыңыз:

Есентаевтың қарындасы көк қағаздың құлы болып, тәнін сатқан әйелдер туралы айтты

Асанәлі Әшімовтің ұлы әкесінің 80 жылдығына ән арнады (видео)

Димашқа концерті кезінде тарай бастаған тыңдармандарын тыныштандыруға тура келді (видео)

Әйкерім Қалаубаева балалар үйінің түлегіне 72 мың тұратын туфли сыйлады (видео)

Талқылау