Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жампозов ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындай бастады

Атышулы Жампозовтың ісі бойынша күдіктілер кінәсін мойындап, жымқырған миллиондарын бюджетке қайтара бастады. «ҚазСуШар-дың» бұрынғы директоры Болат Бейсебеков екі бөліп 147 миллион теңгені мемлекетке санап берген, деп хабарлайды КТК арнасы.

жампозов ісі

Оның кепілдікке 15 млн теңге бергенін ескеріп, бүгін сот Бейсебековтың өзіне тағылған 161 млн теңге мемлекет шығынын толық өтегенін айтты. Ал мердігер компанияның басшысы Асқар Төлеуов, жымқырды делінген 80 млн теңгесінің алғашқы миллионын төлепті. Тағы бір күдікті Ілияс Қазыкеев 10 миллиондай алғанын мойындағанымен, әзірге оны қайтармаған. Бүгін негізі іс бойынша сөзжарыс басталуы тиіс еді. Алайда сотқа жәбірленуші, Ауыл шаруашылығы министрлігінен жаңа өкіл тартылғандықтан, сөз жарыс кейінге қалды. Адвокаттар, жаңа өкіл прокуратураның министрлікке көрсеткен қысымынан кейін пайда болды деп бұған қарсы. Жәбірленушінің өкілі осымен төртінші рет ауысып отыр. Еске салсақ, күдіктілерге су торабын жөндеуге бөлінген 620 млн теңге мемлекет ақшасын ұрлады деген айып тағылған. Ал істің бас фигуранты Өмірбек Жампозов, істі тергеген прокурорға оқ атып, кейін өз-өзіне қол салған болатын. Ол тергеудің де, соттың да әділдігіне сенген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Грант иегерлерінің жаңа тізімінде 1000-ға жуық талапкердің мамандығы ауысып кеткен

Павлодарда жұмысшылар топырақ астынан адам сүйектерін тауып алды

ЭКСПО көрмесінде африкалық базар хитке айналды

Семей тұрғыны жалға алған пәтерін есірткі ордасына айналдырған

Талқылау