Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО көрмесінде африкалық базар хитке айналды

ЭКСПО көрмесіне келушілер озық технологияларға емес, экзотикаға үлкен қызығушылық танытуда. Бұған “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы екі айдың қорытындысы бойынша ұсынған топ-10 павильоны дәлел болып отыр.

3000900

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Екі ай ішінде халықаралық павильондарға жалпы кіріп-шығу саны 17 миллионнан асқан.

Көш басында Африка Плаза павильоны тұр, онда 22 ел ұсынылған. Бұл павильонға кіріп-шығу саны — 659 452. Бір қызығы, энергетика жөніндегі мәлімет негізінен көрнекі құрал және бейнеақпарат ретінде көрсетілген әрбір елдің секциясы қаңырап бос тұр, есесіне ұлттық әшекейлер, киім-кешек, ыдық-аяқ сатылып жатқан базарда адам толып жүреді.

Екінші орында – Египет, павильонда адамдар 608 733 рет болған. Үшінші орынға 596 462 көрсеткішпен Түркия жайғасты.

Одан кейін Әзербайжан — 568 654, Таиланд – 566 711, Үндістан – 557 480, Ресей – 515 321, Өзбекстан – 469 575, Жапония – 461 772, Сауд Арабиясы– 419 285.

Екі айда көрмеде 66 Ұлттық және  4 мамандандырылған күн өткізілді. 160-қа жуық тақырыптық іс-шара — конгрестер, конференциялар, форумдар, шеберлік–кластары ұйымдастырылды.

ЭКСПО-2017 көрмесін 22 мемлекет және үкімет басшысы, сондай-ақ 78 шетелдік министр тамашалады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Ресейдің Сладкое көлі Қазақстанға берілді

Атырауда әкім параға 300 қап сиырдың тезегін сұраған

Жамбыл облысында жас жігіт мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кетті (видео)

Талқылау