Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдық жедел іздестіру тобы жоғалған қызды Алматыдан іздеп жатыр

Жамбыл облысында Таразда жоғалған қызға байланысты ІІД жедел-іздестіру тобы құрылды.

20160825175931

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

«20 тамызда Тараз қаласының полиция бөлімшесіне Олег Репин есімді азамат хабарласып, 16 тамыз күні кәмілетке толмаған қызы Кристина Репинаның жоғалып кеткенін айтып арызданды. Бойжеткен колледжге құжат тапсырмақ болып кетіп, содан қайта оралмаған», – делінген хабарламада.

16 тамызда Репина Дмитрий есімді досымен Алматыға аттанған. Қазір Дмитрий есімді азаматқа қатысты толық мәлімет анықталып жатыр. Жедел-іздестіру тобы қызды іздеу үшін Алматыға аттанды.

Бұған дейін Таразда жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың әлі іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Бір ай бұрын жоғалып кеткен анасы мен ұлы Семейден табылды

Астаналық лагерь қызметкерлерінің салғырттығынан қызының жоғалып кеткенін айтты

Ақтөбеде екі жыл бұрын жоғалған оқушы өлі күйінде табылды

Екі ай бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өлі күйінде табылды

Талқылау