Жамбылда жер дауына байланысты ашуға булыққан халық аттанға салып шықты

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 8:03

Жамбылда жер дауы жаппай наразылыққа жалғасты. Ашу мен ызаның шегіне жеткен халық, аттандап шығып, күре жолдың бойындағы қақпаға лап қойды.

Артынша арқан салып, құлатып айғайға басты. Тұрар Рысқұлов ауданы Юбилейный деп аталатын ауылдың жұрты, осылайша жерлерін өліспей беріспеуге бел буған, деп хабарлайды 31 арна.

Әділдік деп ұрандатқан ел әуелі ауыл ортасында топтасты. Кейін көтерілген көпшілік ауылға кіреберістегі қақпаға бет алды. Мұндағы мақсаттары ауылдың төлқұжаты іспеттес қақпадағы SSS деген жазуды алып тастау. Тұрғындардың айтуынша, ол – «Агрохолдинг Подгорный» серіктестігінің басшысы Сұлтан Сәбит Сұлтанұлы дегенді білдіреді. Көптің көзіне осы жазу күйік боп көрінген.

Алты метр алып қақпаны арқанмен тартып құлату оңай болғанмен, жолды жаба қираған салмағы зілбатпан темірді жиекке шығару ұзақ созылды. Тұрғындар оны бөлшектеп трактормен сүйреді.

SSS деп жазылған қақпаны сұлатып салуға сот шешімі себеп екен. Елдің айтуынша, 1995 жылы құрылған «Агрохолдинг Подгорный» серіктестігінің үлесіндегі жердің игілігін басшысы Сұлтан ғана көріпті. Төрт жыл бұрын сотқа беріп, егістік алқабын қайтарып алғандарын айтады. Кейін үш шаруашылыққа бірігіп игере бастаған. Бәрін басынан бастадық деген ел лизингпен несиеге техника алып үлгерген. Алайда енді аяқтан тұрып жатқанда бұрынғы басшы жерімізге қайта көз тікті дейді. Яғни «Агрохолдинг Подгорный» болып тұрғанда қожайыны 10 мың га жерді банкке кепілге қойып, млиллиондаған қаржы алған көрінеді. Бірақ тараған соң оны кім төлейтіні белгісіз күйінде қалған. Ел бұл қаржыдан бір тиын да көрмедік дейді.

“Ол ақшаны Садықов алды. Біз ол ақшаны көрген жоқпыз. Біздің бірдеңемізге жаратылған жоқ ол ақша. Өзі алып өз басына пайдаланған ақша ғой. Және аз болғандай совхозды тонаған”, – дейді «ЕРМҰХАММЕД» шаруа қожалығының басшысы Есен Бекенов.

Осылайша қайтарымсыз қалған қаржыны алу үшін банк те, серіктестік бастығы да төрт жылдан жоғарғы сотқа шағымданады. Ал Сәбит Сұлтанның өзі бұл жерде банктің шағымы орынды деп санайды. Көптің банктен алған қаржыны қалтасына басты дегені жала дейді. Айтқанын сөзбен емес, іспен дәлелдеуге бар.

“Ең бірінші зиян шегіп отырған ол банк. Банк біздің шаруашылыққа жәрдем берген. Халық сол техниканың алып жұмыс істеген. Айлығын алып отырды. Мен өзім төрт рет қажылық жасағанмын. Құдай тұр төбемде. Құдай ұрсын жала бірнәрсе айтып жатсам. Бір тиын алсам. Қолдары бар”, – дейді кәсіпкер Сәбит Сұлтан.

Өзін жаптым жала, жақтым күйенің құрбаны болдым деген Сәбит ауылдықтарды арнайы топ айтақтап отыр дейді. Осы ауылды көркейтіп, кейін аудан әкіміне дейін көтерілдім деген ол қазір жердің қызығын тек үш адам ғана көріп отыр деп санайды. Егер таратылған серіктестік қайта құрылса, қарызды қайтару қиын шаруа емес дейді.

“Қайтару проблема емес. Просто жұмыс істеу керек. Қазір сол жер бір  кісіге істеп жатыр. Мен тағы айтам: ол жер қазір тек екі адамға істеп жатыр. Халық тек мынандай пайын алады болды”, – дейді кәсіпкер.

Осылайша кәсіпкер таратылған серіктестікті қайта құруға ниетті. Бұқараның бұл бас көтеруін құр байбалам деп санайды. Бірақ бұған ауылдықтар түбегейлі қарсы. Төрелігін қайта қарайтын сот шешетін болады. Ал қиратылған қақпаның орнына ауылдың қалталы азаматтары басқасын қоямыз деп отыр. Енді бұл ауыл Юбилейный емес Дінмұхаммед Қонаев ауылы болмақ. Қазір тиісті мамандар жұмыс жүргізіп, ауыл ақсақалдары бір ауыздан осы нұсқаға қолдау білдіріпті.

Тағы да оқыңыз:

Тоқмәдидің тікелей кінәсі бар: Бишімбаевтың әйелі сотта мәлімдеме жасады

Нұрсұлтан Әбішұлына ғана тиесілі жеке заттар көпшілік назарына ұсынылды

Ақмола облысында 8 жасар батыр қыз үш бауырын жанып жатқан үйден аман алып шыққан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар