Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Әбішұлына ғана тиесілі жеке заттар көпшілік назарына ұсынылды

Президенттен басқа ешкімнің қолы тимеген аса құнды да, қызықты дүниелер алғаш рет Алматыда көрсетілді, деп хабарлайды КТК.

Елбасының жеке заттарын тамашалағысы келгендер көп. Тіпті, шетелдік азаматтар да Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі коллекцияларға қызыға қарап жүр. Көпшілік, әсіресе, космоста болып келген Қасиетті Құран Кәрім кітабына таңдай қағысып қараған. Бүкіл әлем бойынша ғарышқа ұшырылған бұл жалғыз экземпляр. Оны кезінде Талғат Мұсабаев Елбасына сыйлыққа тартқан.

Көрмеге бұрын-соңды ешкімге көрсетілмеген Президенттің куәлігі де қойылған. Тіпті, Елбасының ел алдында берген тұңғыш анты да төрден орын алған. Ал мектепте алған бағасы жайлы білгісі келгендерге де мұнда Нұрсұлтан Әбішұлының аттестаты да тұр. Аумағы 1200 шаршы метр алаңды құрайтын орталық мұражайдағы көрмені алматылықтар бүгіннен бастап армансыз аралай алады.

“Келесі жылдың 14-қаңтарына дейін осы орналасқан көрмеге біз алматылықтарды шақырамыз.  Көрмеге кіру тегін. Бұл жерде 700-ден астам материал көрсетілген. Оның арасында – 300-ден астам музей жәдігер, 300-ден астам кітапхана қорының материалдары және 100-ге жуық мұрағат материалдары”, – дейді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева.

Тағы да оқыңыз:

Тоқмәдидің тікелей кінәсі бар: Бишімбаевтың әйелі сотта мәлімдеме жасады

Ақмола облысында 8 жасар батыр қыз үш бауырын жанып жатқан үйден аман алып шыққан

Шымкент тұрғыны Кореяда қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Талқылау