Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы болған жайтты баяндап берді

62 жастағы Валерий Михиннің Тараздағы №1 ауруханаға 24 қаңтарда бетінің, басының, аяқ-қолдарының І-ІІ-ІІІ дәрежесіндегі күюі диагнозымен түскен. Сонымен қатар, оның тыныс алу жолдарын ІІ дәрежедегі күйік шалған. Оның денесінің 60 пайызын күйік шалған.

ұшқыш

“Науқастың айтуынша, ол 23 қаңтарда жарақат алған. Тікұшақты өзі басқарған. Әуеде қозғалтқыш өртенген. Жерге қонғаннан кейін ол өртке оранған тікұшақты өзі сөндірмек болған. Шамамен 5 шақырым жаяу жүрген. Ес-ақылын біледі”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

 

Айта кетейік, 23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен.

Қазір осы апатты жағдай боынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін  тікұшақ апат болған аймаққа жақын маңда жүрген қойшылар ұшқыштан бөлек тағы үш адамның болғанын хабарлаған еді. Олар сол жердегі қоралардың біріне тығылып,кейіннен жол талғамайтын көліктермен белгісіз бағытқа бет алды деген болатын.

Талқылау