Жамбыл облысының әкімі: Министрлік өз пікірін ойланып айтқан дұрыс

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаxметов Ауыл шаруашылығы министрлігінің сынымен келіспейтінін айтты.

Фото: Қазақстан-ZAMAN

Асқар Мырзахметов “саны бар, сапасы жоқ кооперативтер көп” деген министрлік мәлімдемесімен келіспейтінін жеткізді.

“Жаңа министрліктің баяндамасында “саны бар, сапасы жоқ” деген пікір айтылды. Меніңше, бұл жерде ондай пікірді ойланып айтқан дұрыс сияқты. Өйткені кооперативтерді құру ол дүкеннен сатып алатын бір зат емес. Алдымен оның бәрін қағаз жүзінде рәсімдеу керек. Рәсімдегеннен кейін, өтінім беріледі. Өтінім берілгеннен кейін, ол қондырғыларды дайындау үшін кемінде үш-төрт ай керек”, – деді Мырзаxметов Үкімет отырысында.

Мырзахметовтің айтуынша, екінші жарты жылдықтан бастап қаржыландыратындықтан кооперативтерді толық дайындап біту мүмкін емес.

“Өткен жыл – ол алғашқы пилоттық жыл. Сондықтан оның барлығының сапасы жоқ деп айту дұрыс емес. Алдымен барлық қажетті қондырғыларды алып беру керек”, – деп атап көрсетті Мырзаxметов.

Бұған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жауап берді.

“Асқар Исабекұлы, өзіңіздің ойыңызды Жамбыл облысының бағдарламасы бойынша үлкен дәрежеде көрсетіңіз, бәріне сабақ болсын”, – деді Сағынтаев.

Тағы оқыңыз:

Вице-спикер министрлік өкілінен үкімет сағатын босатуын сұрады

Қазақстанда зейнетке ерте шығуға кімдер құқылы

Білім және ғылым министрі: Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар