Вице-спикер министрлік өкілінен үкімет сағатын босатуын сұрады

Парламент мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исімбаева Үкімет отырысы кезінде ешкім күтпеген шешім қабылдады. Ол қорғаныс және аэроғарыш саласы министрлігінің өкілінен залды босатуын сұрады.

Үкімет сағаты білім саласындағы цифрландыру тақырыбында өтіп жатқан еді. Депутаттар білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен бөлек өзге де министрлік өкілдеріне сұрақтар қойды.

Үкімет сағаты барысында депутат Жамбыл Ахметбеков Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкіліне сауал қойған болатын.

Өз кезегінде Аэроғарыш комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы Баубек  Оралмағамбетов сұрағына хат түрінде жауап беру ұсынысын айтты.

«Мен Аэроғарыш комитеті өкілімін. Сондықтан да депутаттың берген сауалына министрлік атынан  хат түрінде жауап беруге ниеттіміз», – деді Б. Оралмағамбетов.

“Қойылған сұрақ сіздің құзырыңызға кірмейтінін айттыңыз ба?”, – деді Исімбаева.

Сұрағына жауап алған вице-спикер сөзін жалғастырды.

“Біз сіздің уақытыңызды алмай-ақ қояйық. Сіз боссыз, кете беруіңізге болады. Бізге сұрақтарымызға жауап беретін мамандар керек. Өзіңіздің негізгі қызметіңізбен айналыса беріңіз, рақмет сізге Баубек Жеткергенұлы”, – деп қоштасты  Гүлмира Исімбаева.

Мәжіліс аппараты қызметкерлерінің айтуынша, осыдан кейін шенеунік үкімет сағатынан шығып кеткен.

Тағы оқыңыз:

Елбасы Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Владимир Путин өзіне қойылған сұраққа Назарбаевтың сөзімен жауап берді

Путин такси жүргізушісі бола жаздаған күндері туралы айтты

Назарбаев Путинді не себепті құрметтейтінін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар