Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді көліктен лақтырған әйел жындыханаға жабылды

Жұма, 27 Мамыр , 2016 21:20

Жамбыл облысында көлік терезесінен лақтырылған сәбидің  өлімі бойынша ақыры ешкім жазаға тартылмайтын болды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

rebenok_18

Жиен немересін машинадан тастап жіберген әйелдің де жүйке жүйесінде ауытқуы бар деп танылып, енді психдиспансерде мәжбүрлеп емделмек.

Немересін көліктен лақтырған әйелдің есі дұрыс емес болу мүмкін екенінқылмыстық жауапкершіліктен босататынын хабарлаған едік.

-“Қылмысты есі дұрыс емес кезінде жасағандықтан, ол кінәлі болып тұрса да, ҚР ҚК 16 бабының талабына сай, ол жауапкершіліктен босатуға жатады”, – дейді сот төрешісі Ғалымжан Нұрлықұлов.

Өз жиенін өлімге қиған Бақыткүл Байсенгереева процеске келген де жоқ. Қаулы қайта қаралмайтындықтан, тергеу қапасында отырған айыпталушы енді жүйке-жүйесі кем науқастарды емдететін мекемеге ауыстырылатын болды. Қалай болғанда, қоғамды дүрліктірген бұл жағдайға қатысты ешкім жауапқа тартылмақ емес. 16 жастағы қыз бен оны жүкті қылған 17 жастағы жігіттің жақындары екіжақты келісімге келгендіктен тергеу ісі сотқа жетпей аяқталған-ды.

Көлік жүргізушісінің де кінәсі дәлелденбей қылмыстық жауапкершіліктен босаған. Ал Бақыткүлдің диспансерде қанша уақыт боларын тек дәрігерлер анықтамақ. Ауруынан айыққан жағдайда босап шығуы да мүмкін екен. Жантүршігерлік  оқиға, жыл басында Талас ауданында болған еді. Көлікте туылған шақалақты нағашы әжесі жүйіткіген машина терезесінен тас жолға тастап жіберген. Бала соның салдарынан шетінеп кетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • жумбак жан says:

    Оданда акша жынды деген справка берди деу керек еди отириккой вкдагы суреттери ол айелди жынды емес екени далелдеп турго

  • Жұмбақ жан says:

    Ол шын жынды боп калдыма отирик сатып алдыма екен.

  • Жұмбақ жан says:

    Осы жындыларга да зан болу керекко. Канша адам зардап шегеди солардан

  • Жұмбақ жан says:

    недеген жауыздык десиш ол кемпир канша жынды ьолсада лактырмау керекко акыл еси дурыс емес анада оз туган баласына емиренип караиды го айналадага жан жануарданда кем болып турго

  • Жұмбақ жан says:

    Жындыга да сот бар,босату мумкин емес

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар