Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында бойжеткен сүйіктісіне алып берген несие үшін асылып өлді

Жамбыл облысының Әйгерім Молдатаева есімді келіншек биылғы жылдың 3 мамырында өзіне қол салған еді. Туыстары оның өліміне кездесіп жүрген жігітін кінәлауда, деп хабарлайды КТК. 

Әйгерімнің жақындарының айтуынша, көңіл қосқан жігіті көп несие алдырып, ақыры төлемей кеткен. Соның салдарынан қыздары күйзеліске түсіп, өзіне қол жұмсаған. Енді кездесіп жүрген жігітін сотқа беріп, қарызын өтеуді талап етуде.

“Бұл жерден  200 мың алыпты. Ақшалай алған. Тауармен алғаны 300 мың. Тауар деп рәсімдеген, бірақ ақшалай алған. Ең соңғысы Каспиден млн. алған ғой. Сонда кредиттердің бәрін қалай бере берген түсінбеймін. Оның арасында құбыларынан алған”, – дейді анасы Жеңісгүл Молдатаева.

Қазаға жігіттің өзі әкесімен бірге келіп, көңіл айтқан. Олар 2 жарым млн теңгені төлегенбіз, басқасына біздің қатысымыз жоқ деп отыр.

Жәбірленуші тарап 5 млн теңге өндіруді сұрап, сотқа арызданғанымен қылмыстық іс тоқтатылған.

“Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, ҚР ҚК 35-бабы, 1 бөлігі, 2 тармағымен қылмыстық іс өндірістен толық тоқтатылды”, – дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жәбірленуші тарап сотқа қайта шағымданбақ ниетте.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау