Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)
Жамбыл облысында жолаушылар жүргізушінің жүк көлігінің дөңгелегін қоларбамен ауыстырғанын көріп таңғалды.
Видео Инстаграм желісінің eap_kz тобында жарияланды.
Жүк көлігінінің дөңгелегі жарылған болу керек. Алайда амалын тапқан жүргізуші дөңгелекті алып тастап, орнына кәдімгі қоларбаны жалғап қойған. Қоларбаның жүк көлікті көтеруге жарағаны да көрген жанды аң-таң етті. Көлік қоларбамен көше бойында кетіп барады. Желі қолданушыларының бірі таңғалып жатса, енді бірі күлкіге қарық болды.
Видеоны жүк көліктің соңында келе жатқан жігіттер түсіріп алған.
Жіберіп алмаңыз:
Өскемендік екі жігіт шолу дөңгелегінің басына шығап, сальто айналып секірді (видео)
Экстремалдар пойыз төбесіне мініп Эйфель мұнарасының жанынан өтті (видео)
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін