Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде полицейлер шолу дөңгелегінен секірген жігіттерді іздеуде (видео)

Ғаламторда шолу дөңгелегінен сальто жасап секіріп түскен жастардың видеосы жарияланды.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

«Жасым 20-да. Мұнымен 14 жасымнан 18 жасыма дейін айналыстым», – дейді өзін DaniiL К1М деп атайтын видеоблогер. Ол өзгелердің блогын қарай отырып, өзі де осылай жасауға бекінгенін айтады.

«Мен өзімнің заңсыз әрекет етіп жүргенімді білем. Бірақ оны тоқтатпаймын. Тағы осындай трюктер жасау туралы ойланып жүрмін. Бірақ оның қайда болатынын айтпаймын. Өзім оқуды 2-курста тастап кеткем. Енді өзіме деген сенімділік пен мақсатыма талпынысым дипломнан артық болады деп сенем», – дейді ол.

ШҚО ІІМ баспасөз қызметіндегілер мұндай әрекетттер үшін кәмілеттік жасқа толмағандар айыппұл төлейтінін алға тартты.

Полицейлер бұлайша өз өміріне қауіп төнетінін, ауыр жарақаттар алуы мүмкін екенін айтады.

Зарина Жұмағалиева

Жіберіп алмаңыз:

Экстремалдар пойыз төбесіне мініп Эйфель мұнарасының жанынан өтті (видео)

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

Теміртауда жалаңаш маньяк 8 жасар қызды қуып жетпек болды

Қаңтар айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейеді

Талқылау