Жамбыл облысында 5 баланың анасы кене шаққанын білмей көз жұмды

Дүйсенбі, 3 Шілде , 2017 21:32

Жамбыл облысында 39 жастағы әйел ажал құшты. Қауіпті кеселді жұқтырған бес баланың анасын дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмапты. Өйткені оған дер кезінде дұрыс диагноз қойылмаға, деп хабарлайды КТК арнасы.

odiseasehospitalfacebook

Тек өлгеннен кейін ғана марқұмды кене шаққаны белгілі болып отыр. Басы ауырып, жүрегі айныған келіншек бірінші күні ауылдық амбулаториядан екпе алумен шектелген. Тек, ертесіне аудандық ауруханаға барып, кеуде тұсы ауыратынын айтыпты. Сөйтіп оның асқазанында ойық жарасы бары анықталып, ем жасалапды. Алайда сол күні кешке науқастың хәлі күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Бірақ арада бір сағат өтпестен көз жұмды.

Кене шаққанын дер кезінде білмегендіктен марқұмның ауруы асқынып кеткен деген болжам бар. Өйткені оның тік ішегінен де қан кетіпті. Ал 39 жастағы келіншектің безгекке ұшырағаны бақилық болған соң ғана анықталды. Көз жұмған әйелдің күйеуі екеуі қойлы ауылда мал баққандықтан кеселге сол жерде душар болуы мүмкін екендігі айтылуда. Қайғылы жағдайдан соң жайлаудағы мал-жан мен қора-қопсы түгел залалсыздандырылды.

“Марқұммен елу адам қарым-қатынаста болған. Оның 14-і өзінің жақындары болса, 36-сы медицина қызметкерлері. Қазір олардың 12-сі ауруханада ем алып жатыр. Әзірге ешбірінен қауіпті кеселдің белгілері байқалған жоқ. Жалпы жыл басынан бері облыста 4 адамды кене шағу дерегі тіркелсе, біреуі көз жұмып отыр. Біреуі сауығып кетсе, екеуі әлі ем алуда”, – дейді Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Пак.

Тағы да оқыңыз:

Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Шымкенттік үш кәсіпкер жол полициясының мұрнын бұзып, погонын жұлып тастады (видео)

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар