Қызылорда тұрғыны ұлу өсіріп, пайдаға кенеліп отыр

Сенбі, 1 Шілде , 2017 10:21

Қызылорда тұрғыны Салтанат Байхожаева үйінде ұлу өсіріп, табыс тауып отыр. Оның айтуынша, адам денсаулығына пайдалы жәндіктің көмегіне жүгінетіндер көп.

 39ff64eb2edcbf337847ce54f36089d4

Салтанат Байхожаева үй жағдайында 350-400 ұлу өсіріп отыр. Бала күтімінде отырған ол бұл істі алғашында қызығушылықпен бастаған. Кейіннен оның емдік қасиетіне көз жеткізген, деп хабарлайды Baq.kz.

«Өзім секілді қыз-келіншектердің бет күтіміне ұлудың септігі тиеді. Ол теріні жасартып, жаңарту үшін нәрлі заттар бөледі. Ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, қан айналымды жақсартады. Сол арқылы денедегі бөртпе, безеу, дақ, әжім, тыртықтардың ізсіз жойылуына көмектеседі. Қазіргі неше түрлі майлы кремдерден гөрі табиғи емнің нәтижесі жоғары. Мәселен, корей елінің косметикалық өнімдерінің басым көпшілігі осы ұлудың ағзасында болатын нәрлі сұйықтықтан жасалады екен. Мұның пайдасына бүгінде нәзік жандылардың көзі анық жеткен», – дейді 29 жастағы келіншек.

Кәсіпкер келіншек ұлуды Алматыдан арнайы алдырған. Алғашында 100 шақты болса, кейін көбейген. Оның айтуынша, бұл жәндік бір жұмыртқалағанда 120-ға жуығы қатар пайда болатын көрінеді. Күтімі де аса қиын емес екенін айтады.

«Арнайы 4 пластмасса ыдыста сақтаймын. Арасында су құйып тұрамын. Салат жапырағын, асқабақ, қияр, сәбіз ұнтақтарын жейді. Арасында өте ұсақ түрлері де бар. Таныс құрбыларым, қыздар үйге келіп, ем алып кетіп жатады. Кейбіреулері сатып алады. Біреуінің бағасы – 1000 теңгені құрайды», – дейді Салтанат.

Меңгерген мамандығы қаржыгер болғанымен, ол болашақта жеке сұлулық салонын ашпақ ниетте жүргенін де жасырмайды. Сұранысқа ие дүниені іске асырып, кәсіп көзіне айналдырмақ.

«Ұлу терапиясы деген өте жақсы. Мен де бетіме оны салып көргем. Жәймен жыбырлап, беттегі дақтарды кетіреді», – дейді Салтанаттың кәсібінен пайда көрген келіншектердің бірі Сәулеш Бегімбаева.

Тағы да оқыңыз:

Мәскеуде дүлей дауыл құрбандарының саны 4 адамға жетті (фото)

Астаналық дәрігер косметолог таңдағанда неге мән беру керектігін айтып берді

Сақтана жүріңіз: Сарыауру қандай жолдармен жұғады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар