Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық дәрігер косметолог таңдағанда неге мән беру керектігін айтып берді

Астаналық дәрігер-косметолог Елена Байбекова косметолог мамандарды таңдау кезінде неге мән беру керектігін айтып берді.

11502814

Оралда 39 жастағы әйелдің косметикалық ота кезінде қайтыс болып кеткен қайғылы жағдайы ел тұрғындарын елең еткізбей қоймады. БАҚ өкілдерінің айтуынша, әйел екпеден кейін көз жұмған.

Осыған байланысты астаналық дәрігер-косметолог Елена Байбекова косметолог мамандарды таңдау кезінде неге мән беру керектігін айтып берді.

Кез келген жағдайда салонда косметологтың сертификаты болуы тиіс. Тіпті, инвазивті жұмыстар жүргізілмейтін болса да, солай болу керек. Инвазивті қызметтерге: екпе салу, татуаж жасату, теріні тазалау сынды қызметтер жатады. Ал, егер қандай да бір мезотерапия, биоревитализация, иньекция жасау қызметтері жүргізілетін болса, косметолог міндетті түрде жоғары медициналық білімді, дерматовенерологии кафедрасын тамамдаған болуы керек. Кез келген жағдайда косметолог келушіге осындай құжаттары мен сертификаттарын көрсетуі керек.

Дәрігерді таңдарда оның сырт келбетіне қарауға қымсынбаңыздар. Косметолог маман тазалық гигиенасын сақтаған болу керек. Егер оның тырнағы ұзын, қолдары таза емес болса, ондай маманға баруға болады деп ойлайсыздар ма? Косметолог кез келген сұраққа жауап беруі керек. Сондай-ақ процедураның оң және теріс жақтарын да айтып өту керек. Маман тек жақсы жағын ғана айтып, нәтиженің керемет боларына сендірмеуі тиіс.

Салонда процедура кері әсер туғызып, халі нашарлап кеткен жаңдайда пайдалану үшін міндетті түрде дәрі-дәрмек қорабы болуы қажет. Онда тиісті дәрі-дәрмектер болуы міндетті.

Қазақстанда косметологтардың ісін бақылайтын ассоцияциялар бар. Бірақ олар орталықтанбаған. Сондықтан бақылау қатаң жүргізілмейді.
Оралда болған қайғылы жағдайдан кейін адамдар көп сұрақтар қойып жатыр. Алайда, бұл оқиғадан кейін бізге келушілердің саны азайған жоқ.

«Елімізде ботулотоксин, биоревитализация, контурлы пластика процедуралары көп жасалады екен. Маған келуші әйелдердің жасы 40 жас шамасында. Бірақ, 15 жастан бастап безеулерін қаратуға қыз-жігіттер де келіп жатады. Барлығы әдемі көрінгісі келеді. Бірақ, бастысы сұлулық емес, деніңнің саулығы, – дейді Елена Байбекова.

Талқылау