Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ер адам өз әйелі мен баласын пышақтап өлтірді

Жамбыл облысының Көктал аулында 55 жастағы ер адам өз әйелі мен баласын пышақтап тастап, мерт қылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жамбыл облысында ер адам өз әйелі мен баласын пышақтап өлтірді

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адамның отбасында жанжал туып, осы кезде 52 жастағы жұбайы мен 29 жастағы ұлына бірнеше рет пышақ сұғып алыпты. Ол бастапқыда баласының мойын тұсынан пышақпен орып, артынша жұбайын кескілеп тастаған. Тергеудің құпиялығына байланысты, оқиғаға қатысты өзге мәліметтер берілмеді.

Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Ер адам осы уақытқа дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны белгілі болды.

Сонымен қатар күдіктінің бойында психикалық ауытқуы болуы ықтимал деген де күдік бар. Сол себепті ол жасаған қылмысы үшін жазаға тартылмай қала ма деген сыбыс та тарапты.

«Жоқ, жазадан құтылмайды. Бұл туралы қылмыстық кодекспен қылмыстық шаралар көрсетілген. Яғни медициналық мәжбүрлеу шаралары. Сол бойынша жауапқа тартылады», – дейді Жамбыл облыстық ІІД тергеу басқармасының басшысы Мақсат Ережепов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау