Жамбыл облысында бүтін бір аудан ішімдіктен бас тартты

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 10:32

Жамбыл облысы, Қордай ауданында жергілікті ақсақалдар бизнесмендерден тұрғындарға алкоголді ішімдіктер сатпауларын өтінген.

8a3c85f56b430a7709004d01bb00c02f

Фото: izhlife.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Аудандағы бірнеше ауылда біраз жылдардан бері дұнған ұлтының өкілдері өмір сүріп келе жатыр. Олар жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Қытай елінен қоныс аударып келген. Бұл диаспора дәстүрлі құндылықтардың мұртын бұзбай сақтауға тырысып келеді. Сол себепті ақсақалдар адамды тура жолдан тайдыратын ащы судан халық болып бас тартуды ұсынған.

“Ақсақалдар өскелең ұрпақ алкоголге бас қойып, ішімдік торына түспеуі тиіс деді. Үлкен кісілер мен имамдар кәсіпкерлерге өтініш жасап, дүкендерде арақ пен темекі сатпауды сұрады. Кәсіпкерлер аталған ұсынысқа бірден келісіп, арақ өнімдерін саудалаудан бас тартып отыр. Ал кей дүкендерде темекі әлі сатылуда”, – дейді Жамбыл облыстық дұнған мәдени орталығы ассоциациясының жетекшісі Руслан Исмазов.

Оқи отырыңыздар:

Мектеп мұғалімдері білім жүйесіндегі былықтарды ашық айта бастады (видео)

Алматы облысының әкімі үздік жыл мұғаліміне көлік мінгізді (фото)

Алматыда көлікте отырып дәрет сындырған полицей мен оның әріптесі жұмыстан қуылды

Петропавлда әйел адам зулаған көліктердің ортасына тұрып алып би биледі (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар