Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда әйел адам зулаған көліктердің ортасына тұрып алып би биледі (видео)

Петропавлда әйел адам зулаған көліктер ортасында би билеп, ән айтты. Көлік жүргізушілер мұндай көрініске таң қалысып тамашалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ыы

Шамалы уақыттан соң әйел көліктің бірін тоқтатып алып, алдында тұрып биледі. Жан ұшыра билеген әйел көлік капотына жатып алып, аяғын көтеріп білгенін істеген. Мұны куәгерлер видеоға түсірісіп алып жатты.

Оқиға орынан полицейлер келіп, әйелді өздерімен алып кетті.

«Азаматшаға қатысты қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін бұған дейін де әкімшілік протокол толтырылған», – делінді СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Қазір азаматша профилактикалық әңгімелесуден босатылып, полицейлер оны үйіне апарып салды.

Көшенің қақ ортасынла билеген әйел жайлы видео желіде кең тарап кетті. Видео в “ВКонтакте” желісінің “Типичный Петропавловск” тобында жарияланды.


Жіберіп алмаңыз:

Парижде Сауд Арабиясының ханшайымы суретшіге 4 сағат бойы аяғын сүйдірткен

Шариғатта пәктігінен айырылған қызға үйленуге бола ма?

Атыраулық жігіт жұмыс істеп тапқан 2 миллион долларын рак ауруын зерттеуге берді

Талқылау