Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында алты бірдей ауыл қар құрсауында қалды

Таулы аймақтағы бұл ауылдар бір апта бойы орталықпен байланыссыз қалған

20375_b0

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы алты бірдей  ауыл қар құрсауында қалды. Таулы аймақтағы бұл ауылдар бір апта бойы орталықпен байланыссыз қалған. Қалың қардың астындағы елді мекендерге азық-түлік тек бес күннен кейін, яғни бүгін әскери техникамен әрең жеткізілді.

Негізгі жолды қардан аршу жұмыстары бес күн бойы жалғасуда. Алайда, тізіден келетін қарды ауыр техниканың көмегімен аршуға  ақ түтек боран кедергі.  Үріп соққан желден аршылған жер артынша-ақ қар астында қалуда. Оның үстіне, жаңбыр жауып, екі метр қарды күреу қиынға соғуда.

 «Қазір ауылға дейінгі қырық метрге жуық жол ашылмай тұр. Техника небәрі  2 шақырым жолды 12 сағат бойы тазалаған. Соған қарағанда, қалған 37 шақырым қашан қардан аршылатыны белгісіз»,  – дейді Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев.

Азық-түлігі таусылған ауылға жарты сағат бұрын ғана ас-ауқат әрең жеткізілді. Алты ауылда төрт мыңға жуық адам аш отырған. Ол ауылдарға баратын жолды тазалауға жалпы саны алты техника жұмылдырылыпты. Бірақ, олардың табиғаттың тосын мінезіне төтеп беруге шамасы жетпеуде. Аудан басшысы бастаған жауапты мамандардың барлығы осы аралықта жүр. Олар ертеңге дейін жолдарды қардан толық тазартатындарына сендіріп отыр.

Талқылау