Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жасар қызын тұрғын үй ауласына тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

2017 жылдың 15 ақпан күні түнгі уақытта Меркі аудандық Ішкі істер бөліміне 70 жастағы тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Тұрғын ауласынан бір жасар баланы тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ыы-2

Полицейлер келісімен ауладан ұлты азиаттық қыз баланы көреді. Бүлдіршін өз есімінің Зере екенін білетінге ұқсайды.

Қыз баланы тұрғынның әйелі тауып алған. Ол баланың жылаған даусын естіп, ауладан шыққан. Баланы кімнің тастағанын көрмепті. Баланың жанында заттар салынған пакет пен хат болған. «Оның есімі Зере. Бір жас, 3 айға толды. Бір ай қарап берсеңіздер, кейін алып кетем» деп жазылған хатта.

Полицейлер бейнебақылау камерасын тексеріп, баланы тастаған әйелдің ұлты азиатқа келетінін байқайды. Шамамен жасы 30-35-те.

Меркі аудандық ІІБ полицейлері жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Қыз бала Меркі ауылының аудан орталығындағы емханаға жатқызылды. Ол қазір дәрігерлер қарауында. Бүлдіршіннің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық келіншек 33 жыл бұрын өзін тастап кеткен анасымен кездесті (фото)

Нұрсұлтан мен Иманғали, Қасымжомарт пен Дінмұхаммед үйсіз жүр

Еліміздегі тұрақты жұмысы жоқ азаматтардың күнкөрісі

Талқылау