Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаманқұлов: Маған қарсы адамдар актриса әйеліме қысым көрсете бастады

Өткен жылы «Феникс» фильміне қатысты дау шығып, аталмыш картинаның қаржысын туындыға продюсерлік еткен Тұңғышбай Жаманқұлов талан-таражға салды деген ақпарат ғаламторды дүр сілкіндірген еді.

Тіпті Халық әртісін сахнадан алшақтатып, тиісті шара қолданғанды. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген актер, енді жұбайына қысым көрсетілгенін жеткізді.

Бүгінде М. Әуезов атындағы театрда актриса ретінде қызмет атқаратын Дәрия Жүсіпті рөлдерінен алшақтатып жатқан көрінеді.

«Маған ғана көрсетпей, келіншегіме де театрдағы рөлдерін бермей, шет елге гастрөлге шығарда өзінің ойнап жүрген рөлдерін ойнатпай, қалдырып кетіп, сондай бір пендешілік, ұятсыз, ыңғайсыз нәрселер жасалып жатыр. Бұл өткінші. Өтеді де кетеді деп ойлаймын», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Дәл осындай жайсыз жағдайдан кейін Дария Жүсіптің де көңіл-күйі жоқ. Қазіргі таңда өнерлі жұп қиын күндерді бастан кешіп жатқандарын жеткізді. Бірақ болашаққа деген үмітті үзген емес.

«Әрине ол актриса ғой. Бұл әділетсіздікті өте ауыр қабылдады. Дегенмен бәрі де өтеді ғой деген оның да ойында бар болар. Өйткені шындық бәрібір жеңеді. Келіншегім кішкене қиналды. Әйел адам ғой. Нәзік адам. Әділетсіздік көріп жатыр.

Бұл өнер бір-екі адамның діттеп отырған тұспалдарынан тұрмайды. Замана көшеді, өтеді. Ал жұрттың адамзатқа деген талғамын бір-екі адамның өзгертуі мүмкін емес», – дейді Халық әртісі.

Таяуда ғана Тұңғышбайдың жұбайы тағы бір мәрте келеңсіздікке тап болған. М. Әуезов атындағы театр ұжымы Дария Жүсіптің бұрынғы ойнаған образдарын жоққа шығарған.

«Мысалы жақында ғана біздің театрымызда «Махаббат дастаны» деген спектакль қойылды. Соны алғашқы ойнағандар кейінгі жастарға тапсырады деген дырду басталды. Бірақ алғашқы ойнаған сол менің келіншегім болатын.

Соған енді ұялмай, қызармай одан кейін ойнаған актерларды алып, солар алғаш сахнаға шығарғандар деген ұятсыз сөздер айтылып жатыр. Сол Баян рөлі үшін менің келіншегім гран-при алған. Оны да атамай, осындай бір әділетсіздік болды. », – дейді актер.

Ал, Жаманқұлов бүгінде шындықтың жолында жан алысып жатқанын жеткізді. Актер халықпен жүздесіп, шығармашылығын шыңдағысы келеді. Бірақ сүйікті театрға деген сағыныш өзегін өртеп барады.

«Театр өнері ұжымдық өнер ғой. Бір өзің шығу  оңай емес. Бір актердың театры да болады. Ондай нәрсемен айналысуға болады.

Ептеп-септеп ойлап жүрген шаруаларым бар түптің-түбінде. Бірақ енді өзімнің төл театрым, өзімнің жігіттік кезімдегі театрымнан алшақтап кеткеніме бауырым езіліп, сол театрымды қайта-қайта ойлап жүремін.

Сол сахнаға шықсам деймін. Ол сахнаға шықпағаныма да біраз жыл болды. Ол сахнада менің ойнаған рөлдерімнің барлығын театрдың көркемдік кеңесі алып тастап жатыр. Оны басқарып отырған үлкен, ата сақалы аузына түскен ағамыз бар.

Сол кісінің эстетикалық талғамына бағынышты, байлаулы болып отырғандар бар. Мұның қалай дейтін ешкім жоқ. Жоғарыда оны қарайтын ешкім жоқ.

Керісінше жоғарыдағылар қазіргі суреткерлікті арзандатып жатқан жағдайы бар. Мұнымен күресу өте қиын. Түбінде шындық жеңеді ғой деп ойлаймын», – дейді Жаманқұлов.

Оқи отырыңыз:

Almaty Towers-тегі өрт: Айыпталушылар соңғы сөздерін айтты

Жар таңдауда есте ұстауға тиіс 15 кеңес

АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде

Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты

Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды

Талқылау