Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамалиев бостандықта: жәбірленуші жақ оған жазаны жеңілдетуді сұрады

Ақмола облысында сот шешімі бойынша атушылы кәсіпкер Қайрат Жамалиев жазаның өтелмеген бөлігіне айыппұл төлейтін болады. Зәбірленушінің өзі соттан кәсіпкердің жазасын жеңілдетуді сұрады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жамалиев бостандықта: жәбірленуші жақ оған жазаны жеңілдетуді сұрады

Қылмыстық атқару департаментінің қызметкерлер сотта Қайрат Жамалиевтің жақсы қасиеттерін көрсетті. Кәсіпкердің төрт марапаты, екі мадақтама қағазы бар. Сонымен қатар, ол мәдени-көпшілік шараларға да қатысқан.

Жәбірленуші жақ  та соттан кәсіпкердің жазасын жеңілдетуді сұрады. Өйткені ол өз қылмысын мойындады, кінәсін түсінді. Прокуратура болса жәбірленушінің өтінішін қолдай түсті.

Көкшетау соты олардың өтінішін назарға алып, қылмыстық кодекстің 73 бабы, 3-тармағына сүйеніп кәсіпкердің жазасын жеңілдетті.

Қайрат Жамалиев 2018 жылдан бастап жазасын Көкшетаудың қалашығында орналасқан колонияда өтеген. Жазаның өтелмеген бөлігі 3 жылды және 9 айды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, астаналық кәсіпкер 2015 жылы Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты соққының астына алды деп айыпталып, 13 жылға абақтыға жабылған болатын.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау