Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақып Асанов Парижден 65 миллионға үй алған Үкімет өкілі жайлы айтты

Үкімет өкілі 65 млн еуроға Парижде пәтер алды деген ақпарат тексеріліп жатыр,-деп жазды Sputnik Қазақстан басылымы.

Қазақстан үкіметінің өкілінің Парижден  қымбат үй сатып алғаны хабарланған еді. Қазақстан билігі үкіметтегілердің бірі Парижде құны 65 миллион еуро болатын пәтер сатып алды деген ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады Бас прокурор Жақып Асанов.

“Бұл жаңалықтан хабардармын. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты тексеріп жатқанын білемін”, — деді Асанов бүгін БАҚ өкілдеріне.

Бұған дейін Mansion Global жылжымайтын мүлік агенттігінің сайты Қазақстан үкіметінің өкілі Парижде құны 65 миллион еуро (25 миллиард теңге) болатын қымбат пәтер сатып алғанын хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз:

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

ОҚО тұрғыны үйінің ауласын зообақ секілді жасап тастаған (фото, видео)

Астанада екі қызды қағып кеткен Infiniti көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

 

Талқылау