Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі қызды қағып кеткен Infiniti көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Астанада қымбат көлігімен екі қызды қағып кеткен жүргізуші Болат Молдағалиев оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Фото: facebook.com/marat.raimkhanov©

«Мен, Болат Молдағалиев, Астанадағы Керуен сауда орталығы алдында жол апатына кінәлі болған Инфинити көлігінің жүргізушісімін. Апат салдарынан Әсел Рымханова есімді бойжеткен зардп шекті. Мені өзгелер қорқақ, оқиға орнынан қашқан сатқын деп даттап жатыр. Бірақ жағдай мүлде олай емес. Менің жүрек талмам ұстап қалғандықтан өзімді басқара алмай қалдым.  Балалар көлікті ашып оны тоқтатпағанда қазір қандай күйде боларымды да білмеймін. Мені ессіз күйде ауруханаға әкетті. Ота жасатып, жансақтау бөліміне жатқызды. Мен енді ғана өзіме келіп, жағдайды баяндап отырмын.

Осылай болғанына өкінем. Өзімді ақтап тұрған жоқпын. Әсел мен оның жаындарынан кешірім сұраймын. Алладан оның сауығып кетуін тілеймін. Барлық жауапкершілікті көтеруге дайынмын. Бірақ мені қаралап жазудың керегі жоқ. Мен оңбаған адам емеспін. Сіздер секілді қарапайым жанмын. Тек қана сол күні Әсел екеуміздің жолымыз болмады. Сәтсіздік әр адамның басында болуы мүмкін ғой. Бұл менің кінәм емес. Бұл менің басыма түскен қиындық. Әсел, кешіре алсаң мені кешір», – деп жазады ол желідегі парақшасында.

Болат Молдағалиевтің досы Руслан Ыдырысов та желіде оның сөзін қостады.

«Болат менің жақын досым. Мен оның қандай адам екенін жақсы білемін. Сіздер жазып жатқандай қорқақ емес. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жан. Ешкімді қиындықта қалдырып кетпейді. Керісінше көмектесіп жүреді. Өзі де осы оқиғанадан соң ауруханада жатып, ешкімге жауап беруге шамасы келмеді. Енді ғана есін жиып жатыр. Ол біреудің көлеңкесіне жасырынып жүретін Үсенов емес. Әселдің жақындарының жағдайын жақсы түсініп отырмыз.  Бізбен сөйлесетін жағдайда емес. Бірақ, біздің тарапымыздан қандай да көмек керек болса, бәріне дайынбыз», – деп жазды досы Руслан Ыдырысов.

Айта кетейік, жол апаты 12 қараша күні “Керуен” сауда орталығының көлік тұрағы аумағында болған. Көліктің тротуарға шығып кетуі салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға түсті.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар қан тапсырып iPhone 7 телефоныны ұтып ала алады

Ресейде жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

«Өз әйелімді өлтірдім» деп видео жариялаған Шымкент тұрғыны тұтқындалды

Талқылау