Жақындарың сұраса да беруге болмайтын заттар

Бейсенбі, 10 Тамыз , 2017 13:05

Жеке бастың тазалығы үшін кей заттарды тіпті жақындарыңа да беруге  болмайды.

тапки1008

Ерін бояғышы

Герпес жарасы ерін бояғышы арқылы жұға береді. Жара бір жұқса оны кетіру оңай болмайды. Егер вирус жұғып үлгерген болса, ерін бояғыштың беткі қабатын кесіп алып тастаңыз. Ерін бояғыштың басын сулы қағазбен сүртіп отырыңыз. Ол бактериялардан тазалауға көмектеседі.

Құлаққап

Адамның құлағында да түрлі бактериялар болады. Біреудің құлаққабы арқылы сіз өзіңізге бактерия жұқтыруыңыз мүмкін. Содан соң өмір бойы құлақ тазалаумен өтесіз. Құлаққапты үнемі тазалап тұрыңыз.

Шаш қыстырмасы, бигуди

Тарақты өзгеге беруге болмайтынын бәрі біледі. Сол сияқты шаш қыстырмаларымен де алмасудың керегі жоқ. Жара мен бит шаш заттары арқылы жоұғады. Бұл бигудиге де қатысты.

Дезодарант

Қолтыққа жағатын біреудің дезодарантын мүлде қолдануға болмайды. Дезодарант арқылы адамға қолаңса иісі жұғады. Ол бір жұқса кейін қанша жусаң да кетпейді. Дезодаранты душтан соң таза денеге жағуға тырсыңыз. Егер өзге уақытта жаққыңыз келсе, алдымен майлықпен қолтығыңызды сүртіп алыңыз.

Орамал

Орамал арқылы да адам денесіндегі қышыма қотыр мен бактериялар жұға береді. Беті қол сүртетін орамалды 3-4 күн сайын ауыстырып тұру керек. Әрбір сүртінген сайын кептіріп тұрыңыз. Жуған соң үтіктеп алыңыз.

Маникюрлік заттар

Қас жұлғыш пен қайшы, эпилятор секілді заттарды ортақ қолданудың керегі жоқ. Онда адам көзіне көрінбейтін қан тамшылары, қышыма жарасы, герпес болуы мүмкін. Әрбір қолданған сайын заттарды спиртмпен сүртіп отырыңыз.

Тері күтіміне арналған щетка

Шетканың әр қылында да бактериялар мен терінің қалдықтары болады. Сол арқылы адам бетіндегі безеулер өзгеге жұғуы мүмкін. Оларды әрбір 2-3 айда ауыстырып отырған жөн.

Үйде киетін аяқ киімдер

Қонаққа барғанда үй иесі үйге киетін аяқ киімдерді ұсынып жатады. Аяқ киімнің іші үнемі терлеп тұрады. Сондықтан ондағы бактериялар мен иіс аяққа жұғады. Қышыма, бактериялар әсіресе душтан шыққан соң сулы аяқпен киген аяқ киімде пайда болады. Аяқ киімді үнемі жуып, ішін сірке суымен сүртіп тұрыңыз.

Тағы да оқыңыз:

24 жастағы қыз Қытайдағы ең жас миллионер атанды (фото)

Үтіктегі дақты кетірудің ең оңай 5 әдісі

Аяқ киімді тазалаудың оңай әдісі

Суға түсіп кеткен қалта телефонын қалыпқа келтіру әдісі табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар