Жағажайда бикинимен жүгірген Джуринская жұрттың ашуын келтірді (видео)

Сейсенбі, 26 Шілде , 2016 14:22

БАӘ-дегі көл жағасында бикинимен жүгіріп жүрген актриса Жәния Джуринская желі қолданушыларының ашуын келтірді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жәния Джуринская “Барлығы жігіттер үшін” фильміне түсіп жатқан болатын. Ол түсірілім жұмыстары аяқтала салысымен БАӘ-ге жол тартқан. Әлеуметтік желі арқылы аталған елде көлге шомылып, бикинимен жүгіріп жүрген сәті таспалаған видеосын бөліскен.

“БАӘ-де адам төзгісіз ыстық болады деп айтқан еді. Олардың бұл сөзі жалған болып шықты. Меніңше, Түркістанда бұдан да ыстық”, – деп жазады ол видеоның тұсына. Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі актрисаның сымбатты тәніне сүйсіне қараса, енді бірі оның бұл әрекетін тәрбиесіздікке балады.

“Неге жалаңаш жүгіре салмады екен?!”, “Әдетте қыз баласын құпия, жұмбақ деп білеміз. Сенің жігітке көрсетер не құпияң, не қызығың қалды?!”, “Жалаңаш барса да өзі білсін. Бірақ тәнін бүкіл әлемге жарқыратып көрсетудің не керегі бар”, “Қазақ қызына тән ибалығын сақтамаса, мұндай жұлдыз кімге керек”, “Дұрыс айтасың. Мұндай шошқа қыздарды жігіттер алғысы келмейді” дейді олар.

Бір топ желі қолданушылары оны жоғарыдағыдай қатаң сынаса, енді бірі керісінше ақтап жатты. “Қызықсыңдар! Сонда жағажайда қалың киініп алып жүгіру керек пе екен?!”, “Мұсылмандар суға қалың киіммен түсе ме екен? Әпкелерім, ұнамаса несіне қарап отырсыздар? Осылай елді жамандап, бар күнәні мойындарыңа артасыңдар” сынды пікір білдірген жақтаушылар тобы.

Өзіне әртүрлі пікір жазылса да, Жәния Джуринская оларды оқып әуре болмайтын-ды. Ол қазақ қыздарының өзін бағалап, өзгелердің сый-құрметіне бөленудің маңызы зор екенін айтады. Және ешуақытта ер адамның қорлығына төзбеуге кеңес береді.

“Мен әрбір нәзік жандының мықты болғаныны қалаймын. Жоқ, сіз ойлағандай арқасына мүшек салып тасу үшін емес. Бар болғаны өздеріне қуаныш сыйламаған адамның алдында есікті тарс жабатындай мықты болсын деймін. Өздерін әрдайым биік ұстап, өзгенің сый-құрметіне бөлене білсе екен деймін.

Жалғыздықтан қорықпай, ешкімге өзімізді қорлауға мүмкіндік бермейік. Сыртқы дене бітімімізді ретке келтіріп, жан-дүниемізді рухани байлыққа толтырайық. Өзіміз сүймеген жігітке деген махаббатқа бола түңіліп, тұрмысқа шығуды өмірдің мәніне айналдыруды доғарайық”, – дейді Жәния Джуринская жазбаларының бірінде.

Бұл жазбасын оқығандар оны қоштап, актрисаға ұқсағысы келетіндіктерін айтып жатты.


Жіберіп алмаңыз:

Актриса Жәния Джуринскаяның туған күніне достары ерекше құттықтаулар тарту етті

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Джуринская үнемі ұрысқақ бойжеткенді сомдауының себебін түсіндірді

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ емес жан says:

    Қазақ қыздарының абыройын əбден төктіңдерау. Мәдениетті сымақтар

  • Жұмбақ емес жан says:

    Ажырасқандардың саны көп болғанын қалаймын дейді ма? Жə шешінсең қазақ қыздарының абыройын көтересіңдер. Əурет қашанда əурет қой неше түрлі жабық су киімдері бар ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар