Жүздеген адам Чарли Чаплиннің туған күнін атап өтті (фото)
Чарли Чаплиннің Швейцариядағы үйінің қасына жиналған жүздеген адам “қаңғыбас” образына кіріп, актердің туған күнін атап өтті.
Чаплиннің биыл туғанына 128 жыл. Осы атаулы мерекенің қарсаңында жалпы саны 662 адам тура актер сияқты киініп, сол секілді кейіпке енген.
Веве қаласында актер өмірінің соңғы 25 жылын өткізіп, 1977 жылы қайтыс болды.
Чарльз Спенсер Чаплин – америкалық киноактер, режиссер, сценарист, композитор. 1889 жылдың 16 сәуірінде дүниеге келген. 1999 жылы Американың кино өнері институты Чарли Чаплинді ең ұлы 100 киноактердің ішінде 10-орынға қойған.
Оқи отырыңыз:
Қаңырап қалған үйдің ішінен 43 млн доллар табылды (видео)
Анасы 2 жасар қызының суретін Facebook-ке жүктеп, кейін оны порно-сайттан көріп қалған
Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)
50 Cent өзіне қол созған әйелді жұдырықпен қойып қалды (видео)
Талқылау