Жүргізуші эфирде іздеу жариялап тұрған қылмыскерден аумайтын болып шықты (бейне)

Жұма, 12 Ақпан , 2016 7:58

BBC телеарнасындағы елде жасалған қылмыстарға шолу жасайтын Crimewatch бағдарламасында болған оқиғаны көрермендер көпке дейін ұмытпас. Мұнда тікелей эфирде тұрып, Виктор Лакатос атты қылмыскерге іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған Джейсон Мухаммад атты тележүргізуші бір сәтте танымал болып кетті.

в

Сөйтсе, зейнеткер әйелді шабуылдаған қаскүнем туралы баяндап тұрған оның түрі сол Виктор Лакатосқа қатты ұқсайды екен. Мұны көрермендер Виктордың үлкейтілген суреті экранға шыққан кезде бірден байқады. Олар тіпті бұл туралы бірден ғаламторға жазып, «сол сәтте тележүргізуші мен суреттегі қылмыскердің бір адам секілді болып көрінгендігін» айтып шуласты.

Айта кету керек, қылмыскердің тек суретте емес, өмірде де қандай болуы мүмкін екендігін Джейсонның арқасында көрсетіп қалған хабардан кейін Виктор Лакатос бірден ұсталып, 1,5 жылға қамалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар