Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүректі қозғады: “Ринголық” Батырдың жаңа клипі тыңдармандарды тәнті етті (видео)

“Ринголық” Батыр Байназаров жеке әнші ретінде таспалаған екінші бейнебаянын жарыққа шығарды. “Қоштасу” атты туындыда Батыр махаббатынан айырылып қалған жігіттің бейнесін сомдайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Махаббат, сағыныш, қоштасу… Батырдың ән арқылы жеткізгісі келген дүниесін тыңдарман бірден түсінді. Мұны желідегі пікірлерден байқадық.

“Әнші мен композитордың не айтқысы келгенін бірден ұғындыратын әндер бар. Әнді тыңдап отырып, махаббатты, мұңды, сағынышты сезесің. Бұл дәл осындай жағдай. Жанды тебірентті. Күздің суық күнінде дәл осындай әндерді тыңдағың келеді, себебі жанды жылатады. Әнді тыңдай отырып, көзімді жұмдым. Жаным рахатқа бөленді”, – деп Батырға деген ризашылығын білдірді Гайдар есімді тыңдарман.

“Бар сезімді жеткізе білді. Өте мықты сазгер әрі жанын беріп айтатын әнші. Бұдан артық не керек? Көзімді жұма отырып, құлаққаппен тыңдап отырмын. Денем тітіркеніп кетті. Неткен талантты жан еді. Барша қыздың арманы. Мінез де, келбет те, талант та, ержүректілік те, бәрі-бәрі бар”, – деп қотады Әнел есімді желі қолданушысы.

 

Жіберіп алмаңыз:

Айқын өзін “жүргіш” деп сынағандарға жауап берді

Димаш Құдайберген Голливуд жұлдыздарының алдында өнер көрсетті (видео)

Ақботаны сүйемін: Жұрттың сынынан шаршаған Айдарқұлов бар шындықты жайып салды

Жазира Байырбекованың болашақ келіні әншіден өзін ұзатып беруін сұраған

Талқылау