Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

Қарақат Әбілдина Ақтөбедегі лифтіде көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті. Әнші Айзат Әбдісаматпен жақын араласқан болып шықты. Айтуынша, осыдан 10 жылдай уақыт бұрын Айзат хат жазып, әншінің көңілін аулаған. Қарақатты үлгі тұтатынын айтып, онымен жақынырақ араласуға ниет білдірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

Қарақат ақкөңіл Айзаттың шынайы пейілін сезіп, бойжеткеннің бетін қайтармағанын айтады. Айзат Әбдісамат туралы естелігімен ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

“Айзат… Осыдан он шақты жыл бұрын өте бір нәзік, сүйкімді жас қыз бала мені үлгі тұтатынын, жақынырақ араласқысы келетінін айтып қасыма келген еді. Жүзінен мейірім төгілген сол бір аруды мен де бірден жаныма жақын тарттым, өйткені, оның адалдығы, маған деген кіршіксіз ақ көңілі, адам баласына жамандық ойламайтын әппақ жүрегі кез келген адамды баурап, жанын елжірететін еді.

Қаршадайынан қасыма ерген сол Айзатжан бірнеше жыл бойына менімен бірге жүрді, әрдайым жанашыр болды. Кейін біз көшіп, ол ұзатылып, Алматыдан жырақтасақ та, байланысымызды үзбедік. Әрдайым xал сұрасып, барлық қуаныш-қызығымызға ортақтасып отыратын. Ақ тілегі мен құттықтауын аямайтын”, – дейді Әбілдина.

Әнші қызы Аяла дүниеге келген кезде де Айзаттың ең бірінші болып қуанғанын еске алды. Сондай-ақ, тележүргізушіні сәбиімен бірге өз үйінде қонақ еткенін атап өтті.

Жүрегім қарс айырылды: Қарақат лифтіге қысылып көз жұмған тележүргізуші туралы естелігімен бөлісті

“Ертең үлкен концерт деп қарбаласып жатқан күні Айзат қайтыпты деген қайғылы xабарды естідім. Төбеме жай түскендей күй кештім. ‘Құдайым-ау, бұл мүмкін бе, қалайша?’ деп сенбедім, сенгім келмеді. Жанарымнан жас парлай берді. Кеше ғана ‘Айналайын, әпкетай, ертең Сіз үшін ерекше күн, алдын ала құттықтаймын. Ұзақ жасаңыз, Сізді қатты жақсы көрем, концертіңіздің керемет өтеріне еш күмәнім жоқ’ деп xат жолдап еді ғой… Дәл кеше ғана еді сол xаттың келгені… Қалайша? Бірдеңені сездің бе, күні бұрын құттықтауға неге асықтың екен, қоштасқаның ба бұл әлде?

Пендеміз ғой, кейін сөйлесерміз деген оймен ‘көп раxмет, Айзатжан’ деген бірауыз жауап жазып жібердім.
Қайран, өмір… Ол сәттің енді орайы келмейтінін, жаныма жақын сіңліммен енді қайтып тілдесе алмайтынымды қайдан білейін…

Айзатжанның қазасы оның танитын барлық жанның қабырғасын қайыстырғанына күмәнім жоқ. Пешенесіне анасыз өсуді жазған кішкентай ботақан үшін жүрегім қарс айырылады. Амал нешік?! Бәріміз кету үшін келдік… Осы ғана жұбаныш…

Бүгінгі қасиетті жұма күні Айзат үшін дұға тілеп, Ата-анасына, жолдасы мен барлық туыстарына қайғыра көңіл айтамын! Айзатжан, Алла алдыңнан жарылқасын, жаның пейіште шалқысын. Осы дүниедегі жақсылықтарың ол дүниеде алдыңнан нұр боп шыққай. Сенің жадыраған бейнең мәңгілік есімізде қалады.
Жақындарымыздың қадірін біліп, күнделікті көңіл бөлуді, дер кезінде жылы сөз арнауды ұмытпау керек екен”, – деп түйіндеді Қарақат.

Еске сала кетейік, оқиға 4 сәуір күні кешке орын алған. Лифттің есігі толық ашылмастан, үш жасар қыз оның ішіне кіріп кеткен. Анасы қызының артынан кірмек болғанда есік жабылған. Айзат оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыз: 

Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова Ақтөбеге келеді

Нұрлан Еспановқа айнытпай пародия жасаған жігіт жұртты күлдірді (видео)

Қайрат Нұртастың төрт баласы әжелеріне видео-құттықтау жолдап, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Бойы екі метрден асатын қазақ әншісі төсек шақ келмей, қиналып жүр (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар