Зейнеткер әйел базарда 2 миллион теңгесі бар әмиянын ұрлатып алды
71 жастағы Степногорск тұрғыны базарда 2 миллион теңгесін ұрлатып алды. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

1946 жылы туған тұрғын ұрлық туралы 31 мамыр күні полицияға хабарласып айтқан. Оның сөзінше, қаладағы базарда белгісіз адам оның ірі көлемде ақша салынған әмиянын ұрлаған.
Полиция көп ұзамай күдіктіні тапты. Ол 1987 жылы туған тұрғын екен. Полиция әзірге қала тұрғынының неліктен ірі көлемдегі ақшамен базарға келгенін анықтаған жоқ. Құқық қорғаушылар оқиғаға байланысты сот алды тергеуді бастады.
Оқи отырыңыз:
ОҚО-да педофилдер 5 жастағы екі қызды зорлап кетті
«Бесеудің хаты». Мансұр Ғатаулин: Мен халқымның жауының жауымын!
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде