Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақылық қордың ақшасы 5 жылдан соң таусылып қалады ма? Ұлттық банк пікірімен бөлісті

Сарапшы 5 жылдан соң БЖЗҚ-ның ақшасы таусылып қалатынын мәлімдеген еді. Ұлттық банк әлеуметтік желілерде желдей ескен ақпаратқа қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz  ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сарапшы БЖЗҚ-ға жыл сайын  аударылатын ақшаның сол жылдың өзінде қайтадан қайтарылатынын айтқан еді. Алайда Ұлттық банк бұл ақпаратты жоққа шығарады.

“БЖЗҚ-дағы зейнетақылық активтер алынып жатқан жоқ. Керісінше, олар нарықтық талаптарға сәйкес қажеттілігіне, қайтарымдылығы мен ақылылығына байланысты әртүрлі қаржылық құралдарға орналастырылуда. Сонымен қатар мұнда БЖЗҚ-ның Инвестициялық мағлұмдамасы бекіткен талаптар мен шектеулер сақталған. Барлық зейнетақылық активтер дараландырылған. Әр салымшы қалауы бойынша, кез келген уақытта өз қаражатын дара зейнетақылық шоты арқылы бақылай алады”, — дейді Ұлттық банктің өкілі.

2018 жылдың 1 қаңтары бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақылық активтердің көлемі 8,9 трлн теңгені құраған. Қоржын жыл басталғалы бері 14,3 пайызға (1.1 трлн) өскен.

Ұлттық банктің сөзіне сенсек, кіруші ақшалардың ағыны(зейнетақылық жармалар) болса,  жылдан-жылға оңды динамиканы көрсетіп келеді. Жыл басталғалы бері төлемдердің жалпы соммасы аударма мен сақтандыру мекемелерін қосқанда 130,9 млрд теңгені құраған. Мұнда сақтандыру мекемелерінің үлесі 15,5 млрд теңге.

График бойынша жыл сайынғы төлемдер 3,7 млрд теңгені құрады. Олар ортақ соммаға, 130,9 млрд теңгенің ішіне кіреді. Бұл төлемдер осы жылы зейтнетке шығып, график бойынша зейнетақы алатын адамдарға жүргізілді.

БЖЗҚ жүргізген актуарийлік есептерге сәйкес, алдағы 5 жылдың ішінде зейнетақылық ағындар тек көбейетін болады. БЖЗҚ-ның болжамы бойынша, 2019 және 2023 жылдар аралығында зейнетақылық жармалардың жиынтық көлемі 5 трлн теңгені құрайды. Осы жағдайда төлемдердің жиынтық көлемі 1,3 трлн теңге болуы керек.

Талқылау