Заттыбек Көпбосынұлы дүкенін намазхана етіп, халыққа сыйлады (фото)

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 8:17

Жақсылыққа жаны құмар әнші Заттыбек Көпбосынұлы зәулім үйінің қасындағы дүкенін ауылдастарына намазхана ретінде сыйға берді. Енді ауылдастары бұл дүкенге тауар алу үшін емес, намаз оқу үшін келетін болды.

20160726_144412-675x380

Бұл туралы oishogyr.kz хабарлайды.

ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек алғашқылардың бірі болып намазханада намаз оқып, игі іске разылығын білдіріп, алғысын айтты.

13839769_1013063425477751_260630866_o-675x380

Имам намазханаға арнайы ұстаз бекітіп берді. Енді бұл намазханада ауыл балалары құран оқып, имандылықпен сусындайды.

20160725_192046-675x380

Ата-ананы сыйлау, отанды сүю, көркем мінез тақырыбында тұрақты түрде сабақтар өтіп тұрады.

20160725_192534-675x380

Жұмыс істеп, саудасы қызып тұрған дүкенді намазханаға айналдырғанын Заттыбек Көпбосынұлы: «Алла маған өнер берді, сол өнер арқылы ризығымды молайтты. Екі қабатты зәулім үй салдым. Бұл намазхана – менің Аллаға деген шүкірлігім. Біздің мөлтек ауданға мешіт сәл алыстау. Жаяу жүріп бір сағатта барасың. Осындағы ақсақалдар, балалар қиналып қалмасыншы, жиналып намаз оқитын, рухани әңгіме айтатын жері болсыншы деген ниет еді. Арнайы ұстаз бекітілді. Енді балалар осы намазханадан бабалар ұстанған асыл діннің негіздерін үйреніп, иманды болып өссе мен үшін сол – үлкен бақыт. Осы уақытқа дейін де дүкенсіз өмір сүрдім ғой, бұдан кейін де Алла өзі жеткізеді» — дейді.

20160726_144412-675x380

Ақсақалдар ақ батасын беріп, көршілер: «Жаны жайсаң, қолы ашық Заттыбек Көпбосынұлының бұл ісі – нағыз азаматтық, тұлғалық. Аман жүрсін, өмірі берекелі болсын» — деп ақ тілегін айтып, ризашылықтарын білдірді.

20160726_144454-675x380

20160726_153134-675x380 20160726_153320-675x380 20160726_153453-675x380

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
4 ай 10 күні кері

Аллаһ разы болсын!

Анонимно
4 ай 10 күні кері

Алла разы болсын аумин

Анонимно
4 ай 10 күні кері

Алла разы болсын азамат екен

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар