Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

10 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Зарина Омарованың шығармашылығынан гөрі, жанұясындағы жұрт біле бермейтін құпиялары көп екен. Мәселен, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші бұл жолы ата-анасының өткен өмірі мен өзінің балалық шағындағы қиын кезеңдерін бүкпесіз баяндауға бел буды.

«Мен енді 3-ші сыныптан бастап әкемнен бөлек тұрдық. Әкеммен бір жанұяда өскен жоқпын. Анамның тәрбиесінде болдым. Өмір сондай, тағдыр сондай. Оған ешкім кінәлі емес», – дейді Марат Омаровтың тұңғыш қызы.

Иә, бүгінде барлығына түсіністік танытқанымен, кезінде бала Заринаның ойы мүлдем басқаша болған еді. Тіпті, дәм-тұзы жараспаған жұбайлар екі жаққа кеткен сәтте, отбасын тастап кеткен әкесінің бұл қылығына қатты қапаланған. Сондықтан, бұл оқиға әншінің жадында мәңгі сақталып қалған.

«Қатты ренжіген сәттер болды, әкеме қатты ренжідім. Бұл қалай болды деп. Мен сол кезде 3-ші сыныпта болмай, 10-шы сыныпта болсам, мүмкін 20 жаста болғанда қалай болатын еді?! Басқаша болатын ба еді?! Сол кезде бір сөзімді айтатын ба едім деп, әрине өкінетін сәттер болады. Негізі жанұясында сондай жағдай болса, ол әр баланың ойына келетін нәрсе деп ойлаймын. Бірақ өсе келе бәрін ойлайсың, отбасылы болғанда түсінесің. Оның бәрі өмір, оның бәрі тағдыр. Сондықтан, әкем, анам аман болсын. Біз, 3 баласы тұрғанда бір-бірінен ешқашан кете алмайды», – дейді Зарина.

Иә, әнші бикештің өзінен кейін бір сіңілісі мен інісі бар. Бұл Марат Омаровтың алғашқы некесінен туған балалары. Ал, қазіргі таңда сазгердің екінші жанұясында 12 жастағы Бибімәриям есімді қызы өсіп келеді. Бұл ретте Зарина әкесінің қазіргі жұбайымен қарым-қатынасын да ашып айтты.

«Әкемді қаншалықты сүйсем, оның қасында жүрген жарын сыйлауым керек. Барлық құпияны ашып, жұрттың алдында ұятқа қалып, ұрысып жатқан ол дұрыс емес. Сол себепті мен барлығын ашық айтып тұрмын. Әрине, мұның бәрі оңай келе салды деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Бірақ, әкемнің қазіргі отбасына, үйіне жиі барып тұрамын деп айта алмаймын”, – дейді Омарова.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

2 аптада 18 миллион: Қайрат Нұртастың фильмі аса табысты болмады

Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды

Гүлзира ханым келіні Жұлдыздың бір сұхбаттын 50 мың АҚШ долларына сатпақшы

Танымал әншілер “Зың-зың” трегінің авторы жайлы тың деректермен бөлісті (видео)

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар