Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ұятсыз, масқара": Желіде сын жазып отыратын хейтерлер деген кімдер

"Ұятсыз", "Қазақ қызына жат"," Масқара". Мұндай сөздер ғаламтор беттерінде өріп жүр. Кәдімгідей  жерден алып, жерге салуға дайын. Оны қоғамда "хейтер" деп айтады. Бұл әлеуметтік топтың негізгі мақсатының бірі сіздің бойыңыздағы кемшілікті бетке басып, ел алдында мазақ ету. Десе де психологтар мұны айықпас дертке балап, оның емінін жоқ екені айтады.

heiter

Сонымен "Хейтерлер" деген кім? Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.  

"Фуууу, сені жек көрем!", "Не мына түрің?", "Үстіңе не киіп алғансың?", "Албасты", "Ақымақ, не ән анау?", "Мұндай жағымсыз сөздерді шоу-бизнес өкілдері, танымал тұлғалар, өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде жиі оқиды, естиді. Тіпті, өздерін жан-жатан жүнше түтіп, талап жатқандардың іс-әрекетінен күйзеліске түсіп, емделетіндері бар екен. Жалпы, "хейтерлер" деген кім?. Олардың көздегені не? 

Бұл күнде елімізде "хейтерлер" деген топ пайда болды. Кәдімгі инста әлемде өмір сүретіндер. Олардың нысанасы -  халық алдында жүрген әншілер мен әртістер. Танымал блогер Аршат Ораздың сөзінше, мұндай агрессивті топ бұрын да болған. Тек қазіргі хейтерлердің көздеген бөлек мақсаттары бар екен. 

"Интернеттің өзі де бір әлем ғой. Онлайн өмір. Онда неше түрлі кейіпкерлер болады. Қолдан жасалған кейіпкерлер де болады. Бұрын трольдер болатын, қазір хейтерлер шықты. Хейтерлердің трольдерден бір айырмашылығы - олардың нақты бір нысанасы бар. Пиар үшін  қолдануы мүмкін. Хейтерді қазақша айтатын болсақ, көреаумашылық дегенді білдіреді. Мысалы, сіздің бір хейтеріңіз болса, демек сіз табысты адамсыз", - блогер Аршат Ораз.

Инста кейіпкерлердің шоу-бизнес өкілдерінің өміріне кіргені соншалықты, олар даттаушылармен жаппай күресуде. Тіпті, хейтерлеге  бөлек ән арнағандары бар. 

Танымал әнші Бүркіт әлем желіде даттайтындар мен жақтайтындардан, миға қонымсыз дүниелер жазатындардан әбден шаршағанын айтады. Сондықтан болса керек, оларға аранайы клип түсірген. Қазір еті үйренгені соншалықты, жазған сөздеріне назар аудармаймын дейді. 

"5 пайызы енді хейтерлер деп айтсам болады. Бірақ, онсыз өмір қызық емес шығар. Инстаграм парақшасын ашып жаман сөздерді жазып, өздеріне кіріп көресін. Кім екен деп? Ол жерде не суреті жоқ, не адамдары да жоқ!  Хейтерлер әрқашанда болады, болған да,  оларсыз өмір қызық емес шығар!", - дейді Бүркіт.

Ал психологтар мұндай жағымсыз пікір жазудан шаршамайтын адамдардың бойында ауытқу бар екенін айтады. Өйткені хейтерлердің көбеюіне олардың тұрмыстық жағдайының 
мәз еместігі де әсер ететін көрінеді. Өз өміріне көңілі толмау, қызғаныш, күндестік ондайларды осындай жағымсыз қадамға итермелеуде екен. 

"Қазіргі таңда 90 жылдардағы кризис деп қарастырылады ғой. Жалпы кез-келген жасты, кәрісін алып қарайтын болсақ, бойында агрессияның басым екенін байқауға болады. Әлеуметтік желіге тоқталатын болсақ, себебі әлеуметтік желіге жазу жеңіл болып келеді. Одан бөлек кез-келген атпен тіркеліп өз ойындағы сыртқы көзді кәніләуға жеңіл ғой, соны беріп тұрады", - деді психолог Ақгүл Молдабекова. 

Осылайша мамандар, инста әлемдегі кейіпкерлердің сөздеріне құлақ аспаған жөн дейді. Өйткені олар нысанаға алған адамы күйзеліске түскен сайын, одан ләззат алады екен. "Ал, мұндай жандарды өшірудің басты амалы - айтқандары мен жазғандарын мүлдем елемеу" дейді сарапшылар.  

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр