Юлия Галышева әлем кубогінде бірінші орын алды
Қазақстандық спортшы Юлия Галышевафристайлдан әлем кубогінде жеңімпаз атанды.

Әлем кубогі Канаданың Калгари қаласында өтті. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттіңн баспасөз қызметінің мәліметінше, финалда 2018 жылғы Олимпиаданың қол жүлдегері 79,10 балл алды.
Бұл оның бірінші сатыға көтерілуіне жол ашты. Екінші орынды франциялық Перрин Лаффонға қалды. Ол 77,96 балл алды. Үштікті америкалық Джейлин Кауф иемдеді. Оның блы – 76,10.
Естеріңізде болса, Юлия Галышева 2018 жылғы Пхеньчханда өткен қысқы олимпиада ойындарында үшінші орынды жеңіп, қола жүлдегер атанған болатын. Финляндияның Рука қаласында өткен әлем кубогында күміс жүлдегер атанды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық