Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Фристайлшы Юлия Галышева Финляндияда өткен әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Могулдық тәртіпте өнер көрсеткен қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Финляндияның Рука қаласында өткен әлем кубогында күміс жүлдегер атанды. Финляндияда өткен чемпионтта спортшымыз 81,48 ұпай жинады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Отандасымыздың бірінші орынды иеленуіне олимпиада чемпионы Перрин Лафон кедергі келтірді. Галышева соңғы ойында ұпай саны бойынша Перрин Лафоннан жеңіліп, екінші орынды иемденді. Ал үшінші орынды америкалық спортшы Тесс Джонсон алды.
Айта кетейік, Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің онлайн-дауыс беруі бойынша, Юлия Галышева қысқы спорт түрінен 2018 жылдың үздік спортшысы атанды.
Естеріңізде болса, Юлия Галышева 2018 жылғы Пхеньчханда өткен қысқы олимпиада ойындарында үшінші орынды жеңіп, қола жүлдегер атанған болатын.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын