Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эверест» фильмінің постерін Қазақстанда түсірген

“Эверест” фильмінің постеріндегі суреттің авторы қазақстандық танымал альпинист Александр Зырянов болып шықты. Суреттің авторы бұған алғаш көз жеткізгенде таң қалыпты.

5a0954f019edae

Болтазар Кормакурдың “Эверест” фильмінің афишасы

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

20 желтоқсанда «Инсайт Медиа» агенттігінің басшысы Юрий Дорохов Facebook парақшасында “Эверест” фильмі арқылы танымал болған суретте Қазақстан мен Қырғызстан аралығындағы Шапаев шоқысы екенін, оны түсірген алматылық Александр Зырянов екенін жазды. Мұны сурет авторы Александр Зырянов та растап, пікір жазды.

Суретте Чапаев шыңы бейнеленген. Бұл суретті Зырянов 2010 жылы Хан Тәңірі шыңынан түсіріпті. Кейін ол фотографияны халықаралық фотобанкке жүктепті. Фотобанктегі осындай суреттердің құны 30 цент шамасында, алайда бұл сурет бірнеше рет сатылыпты. Зырянов тіпті 62,50 доллар алыпты. Сөйтсе, осыдан кейін сурет “Эверест” фильмінің постері ретінде шығыпты.

Александр Зырянов бұл көріністі алғаш көргенде, қатты таң қалғанын айтады. Ол бұл суретті 2010 жылы Хан Тәңірі шыңында түсірген. Сосын осы суретті халықаралық фотобанкке жүктеген. Ондағы осыған ұқсас суреттер 30 цент шамасында бағаланатын көрінеді. Бірақ, аворыдң бұл сурет ібірнеше рет сатылған екен. Сурет авторы бұл фото үшін 62,50 доллар алған. Содан соң бұл сурет «Эверест» фильмінің постері ретінде шыққан.

c8f7727f920cea

Суретте альпинист Александр Зырянов

Александр Зырянов аталған фильмді сүйсіне отырып көрген. Себебі онда қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің ерлігі суреттеледі. Оның шыңды қалай бағындырғаны, қаза болғаны баяндалады. Фильм кейіпкері 1996 жылы 10 мамырда Эверест шыңына жасалған экпедицияның мүшесі екен. Фильм сюжеті де болған оқиға желісіне құрылған. Экпедиция кезінде 33 альпинист Жердің ең биік шыңын бағындыруға тырысқан. Және көпшілігі бағындырған. Бірақ, бес адам қайтар жолда тұра алмай қалған. Ал, Букреев соларды құтқару үшін қайта тауға шығып, оларды лагерьге жеткізген. Сөйтіп, ол үш адамды құтқарып қалған.

Facebook желісіндегі пікірлердің бірінде аталған суретті плакат түрінде іліп «Нағыз Эверест шыңы Қазақстанда орналасқан» деп жазуға болады, бұл шындық қой деп жазады.

ee67e5e05c37fd96baf1af3c9ddd3b77

Жоғарыдағысы Зыряновтың суреті, ал төменгісі фильм постері

Фильм афишасына түскен Шапаев шоқысының биіктігі 6371 метр. Шындығында ол Эверест шыңынан бір жарым шақырымға төмен. Эверест шыңы 8848 метрді құрайды.

2014 жылы наурызда Петербург фотографы Мурбо Даглдиянаның суреті «Настоящий детектив» фильмінде көрсетілгеннен кейін HBO арнасына 500 долларға бағаланған екен.

Талқылау