Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эстонияда Жер шарындағы ең биік қарағай табылды

Эстонияның Мемлекеттік ормандар басқармасы Орталығының қызметкерлері ең биік шыршаны іздеп жүріп, әлемдегі ең биік қарағайға тап болды.

705eeae734670dcbd77db13ba5c900147b

Сурет diy.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ең биік шыршаны анықтаған соң мамандар осы маңайда өсіп тұрған қарағайларды өлшеді. Біреуінің биіктігі 46.6 метрді құрады. Мамандар ең биік ағаштардың базасына (monumentaltrees.com) деректерді енгізгенде, салыстырып таң қалды. Бұл қарағайлар арасындағы – «әлемдік рекорд».

Осыған дейінгі ең биік қарағай Польшадан табылған. Оның биіктігі қазіргіден 1.5 метрге кемдеу.  Экологтар атап өткендей, ағаштың жасы екі жүз жылдан асады. Ал сол күні табылған ең биік шыршаның өлшемі 48.6 метрге тең екен.

Талқылау