Энергетика министрлігі бензиннің қымбаттауына байланысты түсініктеме берді

Сейсенбі, 12 Қыркүйек , 2017 21:49

Шарықтаған жанармай бағасы енді арзандамайды. Бүгін бензиннің қымбаттауына қатысты мәлімдеме жасаған Энергетика министрлігі баға тек қараша айында төмендеуі мүмкін деп отыр. Онда да болжам ғана. Бұл туралы КТК хабарлайды.

9f10b74176d869a1c239f7ac00d3774c4655

Қазір жұрт көп тұтынатын АИ-92, 4 теңгеге қымбаттап, 144 -145 теңгеден сатылып жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, жанармай құны Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылған соң қымбаттаған. Ондағы жұмыстар тек қыркүйек айының аяғында бітеді екен.

Бірақ, кейін іле-шала Павлодардағы зауыт та жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жұмысын тоқтатпақ. Сондықтан ішкі нарықта қазақстандық бензиннің үлесі азайғандықтан Ресейден сатып алуға тура келеді. Ал, ондағы баға қазір шарықтап тұр.

“Қазір Ресейдің бензинін көптеп әкеліп жатырмыз. Сондықтан кәсіпкерлердің шығыны артқан соң баға өсіп отыр. Бірақ, бұл уақытша жағдай. Өйткені, осы кезде жанармайға сұраныс көп. Кейін баға біртіндеп тұрақталады”, – дейді ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры Қуаныш Құдайбергенов.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар