Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Соңғы жарты жылда ипотекалық қарыз алушылар саны 67 пайызға артқан. Бұл тұрғын үй несиесін арзандатуға ықпал еткен “Нұрлы жер” бағдарламасының да ықпалынан болса керек, деп хабарлайды КТК.

87

Орта есеппен қазақстандықтар 7 миллион теңгеден аспайтын ипотекаларға жүгінуде. Жарты жыл ішінде банктер 200 миллиардтан астам қаражатқа сондай қарыздар берген. Сарапшылар бұл цифр жыл соңына дейін тағы өсе түседі деп отыр.

Қазір ипотекалық несиедегі белсенділік бойынша Астана, Алматы қалалары және Қарағанды облысы көш бастап тұр. Мамандардың айтуынша, жеке баспанаға тек жастар мен егде кісілер де қол жеткізсек деп ұмтылып жатыр екен.

“Соңғы 6 айда жас шамалары 50-55-тегі кісілердің саны артты. Осылайша адамдар жастары ұлғайғанына қарамастан ипотеканың тиімді бағдарламаларын пайдаланып, үйге қол жеткізуге тырысып жатыр”, – дейді бизнесті дамыту бойынша Бірінші несиелік бюро директоры Әсем Нұрғалиева.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

ҰЭ министрі халыққа теңге бағамының құбылуына мән бермеуге шақырды

Сарапшылар күзде теңгенің құны қалай құбылатынын айтты

Теңге сәт сайын құлдырап бара жатыр

Талқылау