Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰЭ министрі халыққа теңге бағамының құбылуына мән бермеуге шақырды

Тимур Сүлейменовтің сөзінше, ұлттық валюта еркін жүзуде жетер жеріне жеткен. Сондықтан ендігі жерде теңге тұншықса да, тереңге батып кетпейді,-деп жазды КТК арнасы.

деньги

Бір долларға 335, әрі кетсе 350 теңге бұл айырбас бағамының құбылу шекарасы. Одан төмен құлдырамауы тиіс дейді министр.

Ал еуро бағамының 400, Ресей рублінің 6 теңгеден асуы теңгенің құнсыздануы емес, Еуропалық одақ пен көрші мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсарғанының белгісі екен.

Оның үстіне төл теңгенің шетелдік валюталарға қатысты тұрақсыздығы қаржы нарығындағы қалыпты жағдай деп түсіну керек дейді Сүлейменов.

Десек те, 3 жылдың бюджетін Үкімет доллар бағамын 340 теңгемен бекітіп тастады. Қаржылық құжатта мұнайдың бір баррелі 45 доллармен есептелген. Қаржы нарығын қайта тұрақсыздық жайласа, Министрлер кабинеті жоспарын бастан-аяқ өзгертпек. Бірақ еліміздің бас экономисінің сөзі оптимизмге толы.

«Бір мезеттік құбылуларға меніңше назар аударудың қажеті жоқ. Олар болып тұрады. Теңге еркін айналымға шыққалы, бағам бірқалыпты күйге түсті. Бұл ең бастысы. Сондықтан күндегі, апта сайынғы бағамға емес, бір айдың, жарты жылдың көрсеткіштеріне қарау керек»,-дейді ҚР Ұлттық экономика министрі  Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз:

Арман Сқабылұлы: Министрді қаратқан Баян мықты екен

Жас қыздар «91» тобымен кездесуде қолтаңба алу үшін киімдерін шешіп берді (фото,видео)

Арман Қоңырбаев: Ашаның арқасында дүйім жұртқа танылдым (фото)

Жазира Байырбекова бишілер тобын құрмақ

Талқылау