Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас қыздар «91» тобымен кездесуде қолтаңба алу үшін киімдерін шешіп берді (фото,видео)

Жақында ғана «Ninety one» атты картинаның тұсауын кескен атышулы бойзбенд, аталмыш фильмді табысты туындылардың қатарына қосу үшін түрлі қадамдарды жасауда. Мәселен, қолында билеті бар иглздарға попкорн сатып соңында қолтаңбасын береді. Күні кеше кумирімен кездескісі келген жанкүйерлердің санында шек жоқ! Олардың бірі топ жігіттеріне тәттісін табыстаса, енді бірі бестіктегі өнерпаздардың суреттерін қолтықтай келген, деп жазады фан-митингке қатысқан Stan.kz тілшісі.

91 ИГЛЛЛЛЗ

«Мен топтағы төрт жігіттен қолтаңба алдым. ZAQ-қа жетіп үлгермедім.  Бірақ қолымда еш нәрсе болмағандықтан, сасқанымнан бүгін киіп келген киіме автограф жаздырдым. Менде басқа таңдау болған жоқ. Енді бұл жейдені ешқашан жумаймын. Өйткені кумирлерімнің қолтаңбасы өшіп қалады ғой» – дейді Арайлым Кәрім есімді «Ninety one» бойзбендінің жанкүйері.

91 СҰХБАТ БЕРГЕН ИГЛЗ

Фан-митингке келген иглздардың «Ninety one» тобына жолдаған сауалдарының басым көпшілігі киноның жалғасын таспалау турасында болды. Алайда, аталмыш сұраққа танымал топтың жауабы дайын.

91 АВТОГРАФ

«Бізге негізі 1-2 жыл керек болып тұр менің ойымша. Көп қызықты оқиғалар жиналса, соның барлығын талқылап, ой елегінен өткізіп барып келесі картинаны таспалаған дұрыс болатын шығар. Сапалы фильмдер болады  ғой 10 жылда 2 рет қана жарыққа шығатын. Дәл сондай туынды түсірсек деген ойымыз бар» – дейді топ әншісі АСЕ.

91 ФАН КЕЗ

Ал, мына жаңалық фан-митингке келген жанкүйерлерді есеңгіретіп тасады. 19 бен 24 жас аралығындағы жігіттер әлі әскерге барып үлгермеген. Сондықтан, сырға тағып, шаштарын түрлі түске бояған бойзбенд жігіттері сапта тұрып, сарбаз атанса таң қалмаңыз!

91 ФАН МИТ

«Біздің топта әлі ешкім отан алдындағы борышын өтеген жоқ! Бірақ, ол бәріміздің парызымыз. Алайда, әскерден шақырту келсе, біз еш қарсылықсыз барамыз. Сондықтан, құрметті иглздар бізді 1 жыл бойы күтулеріңізге тура келеді», – деп топ рэпері ZAQ фанаттарына тосын жағдайдың орын алуы мүмкін екенін жеткізді.

91 ИГЛЗДАР

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Арман Қоңырбаев: Ашаның арқасында дүйім жұртқа танылдым (фото)

Қарақаттың қызына арнаған әні көптің жүрегін елжіретті (видео)

Әлішер Кәрімов қалыңдығы туралы айтып берді

Министр Абаев пен Ерлан Қарин Баян Есентаеваға қолдау көрсетті (видео)

Талқылау